САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«Жаһандық Сумуд» флотындағы 87 белсенді аштық жариялады
«Жаһандық Сумуд» флотындағы 87 белсенді Израиль күштері тарапынан заңсыз қамауға алынуына наразылық және Израиль түрмелерінде отырған палестиналық тұтқындарға қолдау білдіру мақсатында аштық жариялады.
«Жаһандық Сумуд» флотындағы 87 белсенді аштық жариялады
Жаһандық Сумуд» флотындағы 87 белсенді аштық жариялады / Reuters

Флот белсенділері сейсенбі күні «X» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемеде өздерін «әлемдегі адамгершілігі жоғары армия» деп сипаттайтын Израиль әскері үш апта ішінде екінші рет олардың достарын халықаралық су айдынынан күштеп алып кеткенін хабарлады.  

Мәлімдемеде заңсыз ұстап әкетуге наразылық білдіру және Израиль түрмелерінде отырған 9 500-ден астам палестиналық тұтқынды қолдау үшін кемінде 87 белсендінің бостандыққа шыққанға дейін аштық жариялайтыны айтылды.

«Жаһандық Сумуд» флоты Израиль билігінен ұсталған барлық белсендіні босатуды талап етіп, елдерді бұл теңіз қарақшылығын айыптауға шақырды. Сонымен қатар 2007 жылдан бергі Газа секторындағы қоршауды тоқтатуды, флот мүшелері мен барлық палестиналық тұтқынды босатуды талап етті.

Флот көмек керуеніндегі 50 кеменің барлығы Израиль тарапынан басып алынғанын мәлімдеді. Кемелерде 44 елден 428 адам, оның ішінде 78 Түркия азаматы болған.

Израиль Сыртқы істер министрлігі «X» желісінде барлық белсендінің Израиль кемелеріне ауыстырылып, Израильге жеткізіліп жатқанын және елге жеткеннен кейін консулдық өкілдермен кездесе алатынын мәлімдеді.

Флот өткен бейсенбі күні Мармарис қаласынан Газаға жолға шыққан болатын.

Сәуір айының соңында Израиль күштері Крит аралы маңындағы халықаралық су айдынында тағы бір флотқа шабуыл жасаған болатын.  Ол кезде керуенде 39 елден 345 адам болған.  

ҚатыстыГазаға гуманитарлық көмек флотына ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар арқылы қысым көрсетілуде - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады