САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай кездесудің алдында тиянақты дайындық жүргізілуі қажет екенін айтып, Украина саяси ерік-жігер танытпай отыр деп мәлімдеді.
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды. (Мұрағаттық сурет) / AFP

Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге дайын екенін, алайда бұл тек бейбіт келісімдерді түпкілікті аяқтау мақсатында ғана мүмкін болатынын хабарлады.

Песков сәрсенбі күні “Вести” телеарнасына берген сұхбатында Путин Зеленскиймен кездесуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдегенін айтты.

Песков көшбасшылардың не үшін бас қосатыны нақты болуы керек екенін атап өтті.

“Бұл бізге байланысты емес”

Зеленский болса, сәрсенбі күні журналистерге берген мәлімдемесінде Украинаның кез келген уақытта, кез келген форматтағы келіссөздерге дайын екенін, алайда келіссөздердің қайта басталуы өздеріне байланысты емес екенін айтты.

Ол келіссөздер өткізу үшін басымдық берілетін елдер бұған дейін бұл келіссөздерді өткізген орындар екенін айтып, әсіресе Түркия мен Таяу Шығысты атады.

Президент әкімшілігі де Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуінде Анкараның Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді қайта жандандыру және екі ел көшбасшысын бір үстел басына жинау үшін күш салып жатқанын айтқанын еске салды.

Зеленский Ресей мен Беларусьтен басқа кез келген елде, кез келген уақытта кездесуге дайын екендерін айтып, үшжақты кездесуді қайта бастау қажет екенін атап өтті.

АҚШ-тың арағайындығымен Ресей мен Украина арасында бірнеше рет бейбіт келіссөз өткізілген еді, алайда Ирандағы соғыс бұл үдерісті тоқтатты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады
Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр