САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Польша президенттік сайлауында Кароль Навроцкий жеңіске жетті
Польша президенттік сайлауында либерал қарсыласы Рафал Тшасковскийді жеңген Навроцкий президент атанды.
Польша президенттік сайлауында Кароль Навроцкий жеңіске жетті
/ AFP

Консерватор Кароль Навроцкий Польшадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетті.

Навроцкий 50,89 пайыз дауыс жинап, либерал Варшава мэрі Рафал Тшасковскийден (49,11 пайыз) аз ғана басымдықпен жеңіске жетті.

42 жастағы тарихшы және әуесқой боксшы Навроцкий ұлттық естелік институтын басқарған. Ол сайлауалды науқанында экономикалық және әлеуметтік саясаттың поляктардың мүддесіне бағытталатынын, басқа ұлттарға, соның ішінде көрші Украинадан келген босқындарға басымдық берілмейтінін уәде етті.

Польша парламенті негізгі билікті ұстап тұрғанымен, президент заңдарға вето қою құқығына ие. Сондықтан сайлауды Украина, Ресей, АҚШ және Еуропалық Одақ елдері жіті бақылады.

“Алдымен Польша, алдымен поляктар”

Навроцкий Ресейдің соғысына қарсы Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға уәде бергенімен, соғыс босқындарына берілетін жеңілдіктерді сынады.

Оның Киевтің ЕО және НАТО-ға қосылу жоспарларына сыни көзқарасы және украиналық босқындарға берілетін жеңілдіктерді қысқартқысы келетіні көрші Украинамен тығыз қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі мүмкін.

Навроцкийді қолдаушылардың көпшілігі иммиграцияға қатаң шектеулер енгізуді, консервативті әлеуметтік құндылықтарды қолдауды және елдің Еуропалық Одақ аясындағы егемендігін күшейтуді қалайды.

Навроцкий сайлауалды науқанында «Алдымен Польша, алдымен поляктар» деген ұранмен шықты.

Навроцкий сайлауалды науқаны кезінде Ақ Үйге барып, Трамптан: «Сен жеңесің» деген қолдау сөзін естігенін айтты.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм де өткен аптада Польшада өткен консервативті конференцияға қатысып, Навроцкийді қолдап, «Ол келесі президент болуы керек» деген еді.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді