САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Украинаның заң шығарушы органы АҚШ-пен кен өндіру келісімін мақұлдады
Келісім Украинаның ресурстарын бірлесіп игеруді қарастырады, бірақ ресми әскери кепілдіктерді қамтымайды.
Украинаның заң шығарушы органы АҚШ-пен кен өндіру келісімін мақұлдады
/ AP

Украина парламенті АҚШ-пен көптен күткен кен өндіру келісімін мақұлдау үшін дауыс берді. Киев бұл келісім Вашингтонның болашақтағы әскери қолдауына жол ашады деп үміттенеді.

Өткен аптада қол қойылған келісім Вашингтон мен Киевтің Украинаның табиғи ресурстары мен пайдалы қазбаларын бірлесіп игеруін көздейді. Киев пен Вашингтон келісімге ақпан айында қол қоюды жоспарлаған болатын, бірақ Ақ Үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы келіспеушілік келіссөзге кедергі келтірді.

Келісім Вашингтонның ешқандай қауіпсіздік кепілдігін қамтымайды, бірақ АҚШ Украинада коммерциялық пайданы кеңейту Ресейге қарсы қорған деген пікірде.

Зеленский келісімді қарым-қатынастардағы «жаңа бастама» деп сипаттап, нәтижеде бұл қауіпсіздікті қолдауға әкеледі деп үміттенеді.

«Қазір бұл қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық үшін берік іргетас және ұзақ мерзімді перспективада Украина мен АҚШ-қа өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп жазды Зеленский «X» платформасындағы жазбасында.

Мақұлдау 347 депутаттың 338 дауысымен қабылданды, ешкім қарсы дауыс берген жоқ.

Ақшаның қайтарылуы

Трамп бастапқыда бұл келісімді Джо Байден кезінде Украинаға берген әскери көмектің «қайтарымы» деп сипаттады. Алайда Киев келісім екі жаққа «тең» жеңілдіктер беру үшін қайта жасалғанын айтады.

Келісім бұрынғы қарыздармен байланысты емес және бірлескен Қалпына келтіру қорын құрады. Оның кірісі алғашқы 10 жылда тек Украинаға инвестицияланады.

Вашингтонның жаңа әскери көмегін бірлескен инвестициялық қордың жарнасы ретінде санауға болады. Келісімнің нақты пайдасын қашан көретіндері белгісіз.

Шығыста қақтығыс жалғасуда және Украинаның көптеген ресурстық кен орыны ресейлік әскерилер басып алған аймақтарда.

Киевтің ең үлкен қолдаушысы Вашингтонның айтуынша егер Украина мұндай қолдауды жалғастырғысы келсе, келісім өте маңызды.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті