ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Сыртқы істер министрі Индонезияға ресми сапармен барады
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ертең Индонезияға ресми сапармен барады.
Түркия Сыртқы істер министрі Индонезияға ресми сапармен барады
Түркия Сыртқы істер министрі Индонезияға ресми сапармен барады

Сыртқы істер министрлігі дереккөздерінің мәліметінше, министр Фиданның ертең Индонезияға жасайтын ресми сапары аясында өтетін кездесулерде мемлекет басшылары деңгейінде қалыптасқан өзара саяси ерік-жігер негізінде екіжақты ынтымақтастықты барлық салада одан әрі дамыту мәселесі талқыланбақ.

Кездесу барысында министр Фидан екіжақты сауда көлемін 10 миллиард АҚШ долларына жеткізу үшін инфрақұрылым, энергетика, көлік, цифрландыру, жасанды интеллект, жоғары технологиялар және халал тағам өндірісі сияқты салалардағы серіктестікті тереңдету қажеттігіне назар аудармақ. Сондай-ақ министр қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жобалардың жүзеге асу барысы мен болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

Фиданның кездесулерде Газа секторындағы жағдай бойынша тығыз кеңесіп отырған Түркия мен Индонезияның Палестинада әділ әрі тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы бірлескен жұмыстарын жалғастыратынына тоқталуы болжануда. Сонымен қатар министр Израильдің Газадағы атысты тоқтату режимін бұзуы, Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі арандатушылық әрекеттері және Ливандағы басқыншылық әрекеттерін кеңейтуі жағдайында халықаралық қауымдастықты әрекетке шақыруға бағытталған ортақ күш-жігерді табанды түрде жалғастырудың маңызына ерекше атап өтпек.

ҚатыстыTRT Қазақ - Министр Фидан ирандық әріптесі Аракчимен сөйлесті

Кездесулерде Иран мен Ормуз бұғазындағы жағдай, Сирия, Ресей–Украина соғысы, Сомали, Судан және Ливиядағы ахуал, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты мәселелер жөнінде пікір алмасу жоспарланған.

Түркия мен Индонезияның Біріккен Ұлттар Ұйымы, G20, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, ASEAN, MIKTA және D-8 сияқты көпжақты платформалардағы ынтымақтастығы да талқыланады.

Хакан Фидан соңғы рет 2025 жылы 11–12 ақпан күндері президент Режеп Тайып Ердоғанның делегациясының құрамында Индонезияға барған болатын.

Іздеу
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Президент Ердоған БҰҰ мінберінен әлемге үн қатады
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Түркия Сирияға көңіл айтты