ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Түркия, Мысыр және Катар  бірлескен мәлімдеме жасап, Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады.
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Палестиналықтар Газа қаласындағы шатырға жасалған Израиль шабуыл жасаған орынды тексеріп жатыр. (2 тамыз 2026 жыл, Reuters)

Газадағы келіссөздерге делдал болып отырған Түркия, Катар  және Мысырдың мәлімдемесінде Израильдің, әсіресе денсаулық сақтау мекемелері мен медициналық инфрақұрылымды нысанаға алған шабуылдары салдарынан әйелдер мен балаларды қоса алғанда бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанына назар аударылды. Үш ел бұл әрекеттерді халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылуы деп бағалады.

Делдал мемлекеттер ХАМАС пен басқа да палестиналық топтардың жол картасын, әсіресе қаруды шектеуге қатысты тармақты қабылдағанын жариялағанына қарамастан, мұндай шабуылдардың жалғасуы келісімнің бұзылуына алып келетінін және оның екінші кезеңін іске асыруға бағытталған күш-жігерге нұқсан келтіретінін мәлімдеді.

Мәлімдемеде Израильдің халықаралық құқық аясындағы барлық міндеттемелерін сақтап, атысты тоқтату туралы келісім бойынша өзіне алған міндеттерді толық орындауы қажет екені ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар делдал елдер бұл заң бұзушылықтардың шиеленісті бәсеңдету үдерісіне қауіп төндіріп, Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың гуманитарлық жағдайын одан әрі ушықтырып отырғанын ескертті.

Делдал мемлекеттер халықаралық қауымдастықты АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарын толық жүзеге асыру мақсатында Израильдің халықаралық құқық пен атысты тоқтату туралы келісім аясындағы міндеттемелерін орындауы үшін жауапкершілік алып, қажетті қысым жасауға үндеді.

Олар сондай-ақ Трамптың келісімнің екінші кезеңіне қатысты жол картасы бойынша қол жеткізілген уағдаластықты «тарихи келісім» деп бағалағанын еске салды.

Мәлімдеме соңында делдал елдер Газа секторында тұрақты атысты тоқтатуға және гуманитарлық зардаптарды тоқтатуға бағытталған шиеленісті бәсеңдету үдерісінің бұзылуына жол бермеу қажет екенін атап өтті.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты