ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия вице-президенті: “2017 жылдан бері шамамен 900 000 сириялық өз үйлеріне ерікті түрде оралды”
Джевдет Йылмаздың хабарлауынша Башар Асад биліктен кеткеннен бері жалпы 145 639 сириялық өз отандарына ерікті және қауіпсіз түрде оралды.
Түркия вице-президенті: “2017 жылдан бері шамамен 900 000 сириялық өз үйлеріне ерікті түрде оралды”
/ AA
18 Наурыз 2025

Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз 2017 жылдан бері Түркияны паналаған жалпы 885 642 сириялықтың өз елдеріне оралғанын мәлімдеді.

Йылмаз дүйсенбі күні «X” платформасында жасаған мәлімдемесінде
"Алғашқы кезеңде шекарадан тыс жүргізілген операциялар арқылы құрылған қауіпсіз аймақтарға оралу басталды. Кейіннен диктаторлық режим құлағаннан кейін кері көш қарқыны артты", – деп атап өтті.

Түркияның Көші-қон басқармасының мәліметінше 2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Башар Асад режимінің оппозициялық күштердің күтпеген шабуылынан кейін құлауына байланысты 145 639 сириялық өз еліне ерікті түрде оралған.

Йылмаз: "Қайта қалпына келтіру кезеңіндегі Сирияда қауіпсіздік жағдайы, негізгі қызметтер мен экономикалық ахуал жақсарған сайын бұл көрсеткіштердің тезірек артуы күтілуде", – деп мәлімдеді.

Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сирияда бейбіт өмірге қайта оралудың аса маңызды екенін атап өткен болатын.

Фидан: "Қалыпты өмір қалпына келмейінше Түркия мен көршілес елдердегі босқындардың оралуы да мүмкін емес. Бұл белгілі бір уақытты қажет ететін процесс", – деді.

Шамамен 25 жыл бойы Сирияны басқарған Башар Асад 8 желтоқсанда режимге қарсы күштердің Дамаскты басып алуынан кейін Ресейге қашты, осылайша 1963 жылдан бері билікте болған Баас партиясының режимі аяқталды.

Асадты биліктен тайдыру үшін оппозициялық күштерді басқарған Ахмед Әл- Шара 29 қаңтарда өтпелі кезең президенті болып жарияланды.

Іздеу
Басып алынған Батыс Шерияда еврей қоныстанушылар палестиналықтарға шабуыл жасады
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан алты адам қаза тапты
Түркия  жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін камикадзе ҰҰА-сын таныстырды
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен  кеме жіберуде
Сыртқы істер министрі Фидан әзербайжандық және катарлық әріптестерімен сөйлесті
Түркияны аймақтық "от шеңберден" тыс ұстау — басты басымдық
Израиль Газада үш палестиналықты өлтіріп, атысты тоқтату келісімін тағы бір мәрте бұзды
Түрік кемесі Ормуз бұғазынан өтті
Ираннан Түркияның әуе кеңістігіне атылған баллистикалық оқ-дәріні НАТО зарарсыздандырды
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады
Эрбильдегі дрон шабуылынан бір адам қаза тауып, жеті француз сарбазы жараланды
Пәкістан Кабул мен Ауғанстанның шекаралас аймақтарына шабуыл жасады
Нетаньяху Иранның жаңа рухани көсеміне қоқан-лоқы көрсетті
Түркия Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына алаңдаулы
Бейрутта 2 адам қаза тапты