ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
1 ... минут оқылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
“JAMA Network Open” журналында жарияланған зерттеуде қатысушылардың тамақтану әдеттері, магниттік-резонанстық томография нәтижелері мен когнитивтік қабілеттерін бағалау тестілері талданды.
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Канадада жүргізіліп, “JAMA Network Open” журналында жарияланған зерттеуде қатысушылардың тамақтану әдеттері, магниттік-резонанстық томография нәтижелері мен когнитивтік қабілеттерін бағалау тестілері талданды.

35 пен 69 жас аралығындағы 9 мыңға жуық адамның деректері зерттелді. Нәтижесінде өңделген тағамдарды ең көп тұтынатын топтағы әрбір тоғыз адамның бірінен ми қан тамырларының зақымдану белгілері анықталды. Ал мұндай тағамдарды ең аз тұтынатын топта бұл көрсеткіш әр 12 адамның бірінде байқалды.

Миды сканерлеу нәтижелері

Миды тексеру барысында екі негізгі ауытқу анықталды. Біріншісі – мидың әртүрлі бөлігі арасында сигнал тасымалдайтын ақ затта байқалған ашық түсті ошақтар. Екіншісі – қан айналымының бұзылуы салдарынан ми тіндерінің зақымдануы.

Зерттеушілер мұндай құрылымдық өзгерістер егде жаста инсульт, когнитивтік қабілеттің төмендеуі және деменция қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертеді.

Өмір салты мен тамақтану арасындағы байланыс

Зерттеу барысында жас ерекшелігі, темекі шегу, дене белсенділігі, табыс деңгейі, қан қысымы және қант диабеті сияқты факторлар ескерілгеннің өзінде аталған байланыс сақталғаны анықталды. Сондай-ақ ағзадағы май мөлшері де бұл байланысты толық түсіндіре алмайтыны белгілі болды.

Алайда мамандар сауалнама деректеріне негізделген мұндай бақылау зерттеулері тікелей себеп-салдар байланысын дәлелдей алмайтынын атап өтті.

Тағамның өңделу деңгейі мен оның тағамдық құндылығының әсерін нақты ажырату қиын болғандықтан, бұл бағытта ұзақ мерзімді қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Іздеу
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»