САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Зеленский Ресейді айыптады
Украина президенті Киевтің энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату туралы ұсынысты қолдайтынын, алайда Ресейдің бұл бастамаға келіскенін растайтын әзірге ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді.
Зеленский Ресейді айыптады
Украина президенті Владимир Зеленский / Reuters Archive

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату туралы келісімді жариялағаннан кейін көп ұзамай Ресейдің Харьков қаласындағы электр станциясына соққы жасағанын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Варшава қауіпсіздік форумында сөз сөйлеген Зеленский Украинаның бұл ұсынысты қолдайтынын, бірақ Ресейдің оны қабылдағанын растайтын ешқандай дәлел жоқ екенін жеткізді.

«Энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату жөніндегі бұл келісім нәтижелі болып, соғысты аяқтау жолындағы маңызды қадамға айналуы мүмкін», – деді Зеленский. Ол сондай-ақ Киевтің Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздердің егжей-тегжейлі мәліметтерін күтіп отырғанын айтты.

Жексенбі күні Трамп Ресей мен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымға жасалатын шабуылдарды дереу тоқтатуға келіскенін мәлімдеген болатын. Алайда ол келісімнің егжей-тегжейін ашып айтпады.

Дүйсенбі күні Кремль қандай да бір келісімге қол жеткізілгені туралы ақпаратты растаған жоқ.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков тараптар арасындағы байланыстар жалғасып жатқанын және Мәскеудің алдағы уақытта өзгерістер туралы хабарлайтынын мәлімдеді.

Ал Зеленский: «Егер Ресей де осы келісімді орындауға дайын болса, біз энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату жөніндегі келісімді сақтауға дайынбыз», – деді.

Украина президенті Ресей шабуылдарын жалғастырған жағдайда Киевтің қарымта шабуыл жасайтынын ескертті.

«Егер Ресей біздің мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай экспортына қатысты нысандарға ұзақ қашықтықтан соққы жасауды тоқтатқанымызды қаласа, онда өзі де біздің энергетикалық жүйеміз бен аса маңызды инфрақұрылымымызға шабуыл жасауды тоқтатып, бейбіт тұрғындарға шабуылды тоқтатуы тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар Зеленский Мәскеудің ұсынылған келісімді қабылдауы үшін Вашингтонды Ресейге қысым жасауға шақырды.

«Бізге Ресейге қатысты АҚШ-тың нақты қысымы қажет. Санкцияларды жеңілдету немесе қандай да бір жеңілдіктер жасау емес, нақты қысым керек. Сонда ғана АҚШ президентінің кеше айтқан бастамасын яғни энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату туралы келісімді жүзеге асыра аламыз», – деді Зеленский.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті