ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Нигерияда жанкешті шабуыл: 100 адам жараланды
Күдікті лаңкестік шабуылдар бір кездері тұрақтанды деп есептелген өңірдегі тыныштық кезеңін бұзды.
Нигерияда жанкешті шабуыл: 100 адам жараланды
Нигерияның Майдугури қаласынла жарылыстан кейін Нигерия Қызыл Крестінің мүшелері ауруханада мәйіттерді алып жүр. / Reuters

Нигерия полициясы сейсенбі күні жанкештілер жасаған бірнеше жарылыстың салдарынан кемінде 23 адамның қаза тауып, 100-ден астам адамның жараланғанын мәлімдеді.

Полиция өкілі Нахум Кеннет Дасо: «Алдын ала тергеу оқиғалардың жанкешті шабуылдаушылар тарапынан жасалғанын көрсетіп отыр. Өкінішке қарай, жалпы 23 адам көз жұмды, ал 108 адам түрлі деңгейде жарақат алды», — деді.

Дүйсенбі кешінде болған жарылыс жексенбі түні мен дүйсенбі таңына дейін әскери бекетке жасалған шабуылдан кейін болды. Билік бұл шабуылдар үшін лаңкестерді жауапты деп отыр.

Шабуылдар күшейіп жатыр

Соңғы уақытта «Боко Харам» лаңкестік ұйымы мен оның қарсыласы Батыс Африкадағы ДАИШ тобының (ISWAP) мүшелері Нигерияның солтүстік-шығысында шабуылдарын күшейтті.

Елде 16 жылдан бері жалғасып келе жатқан террорлық әрекеттер 40 мыңнан астам адамның өліміне және шамамен екі миллион адамның қоныс аударуына себеп болды.

Дүйсенбі кешінде қалалық ауруханада болған AFP тілшісі сол күні болған жарылыстардан зардап шеккен ондаған адамның ем қабылдап жатқанын және тротуарда ақ жаймалармен жабылған көптеген мәйітті көргенін хабарлады.

Полиция сейсенбі таңертең ерте таратқан мәлімдемесінде «зардап шеккен аймақтар қалыпты жағдайға оралғанын» және қауіпсіздік күштері «Майдугури мен оның маңында жаңа оқиғалардың алдын алу үшін өз қатысуы мен бақылауын күшейткенін» айтты.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті