ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары саммитінің қатысушыларын 11-12 қарашада Анталияда өтетін «COP31» саммитіне шақырды.
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
Президент Ердоған Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары саммитінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған «беделі артып келе жатқан ұйым» деп атаған Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықты барлық салада дамытуға күш салатындарын айтты.

«3,5 миллиард халықты және 35 триллион долларлық жалпы ішкі өнімді қамтитын Шанхай ынтымақтастық ұйымы көпполярлы әлемдік тәртіптің ажырамас бөлігі», – деді Ердоған.

Президент Ердоған Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары саммитінде сөз сөйледі.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Қырғызстанда

«Түркия ретінде айналамызда болып жатқан қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуге жауапкершілікпен атсалысып, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жұмыс істеуді жалғастырып келеміз», – деген президент Израильдің агрессивті саясатына да тоқталды.

«Израиль шабуылдарынан 74 мың адам қаза тапқан Газа мен Ливанды ұмытпауымыз керек. Бұл агрессивті саясаттың зардабын бүкіл аймақ тартып отыр», – деді ол.

Ердоған Түркияның климат өзгерісінің кері әсерлерімен күресте өз міндетін атқаруға ұмтылатынын айтып, 11-12 қарашада Анталияда «COP31» саммиті өтетінін еске салды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары саммитінің қатысушыларын аталған іс-шараға шақырды.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады