САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ өкілі: "Газа секторында бітім болмаса, Израиль ауыр шығынға ұшырайды"
“The Jerusalem Post” басылымының хабарлауынша, аты-жөні жарияланбаған америкалық жоғары лауазымды тұлға "Кепілге алынғандар өз құнын төледі, енді кезек Израильге келді" деп ескерткен.
АҚШ өкілі: "Газа секторында бітім болмаса, Израиль ауыр шығынға ұшырайды"
/ Reuters

Израильдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі Тель-Авив үкіметін Газа секторында бітімге келіп, тұтқындарды айырбастау жөніндегі келісімді қабылдауға шақырып, бұл орындалмаған жағдайда, "өте ауыр салдарлар болатынын" ескерткен.

“The Jerusalem Post” газетінің сәрсенбі күнгі хабарына сәйкес, АҚШ ресми өкілдері мен Газа секторында кепілде отырған израильдіктердің туыстары арасында кездесу өткен. Осы жиында америкалық жоғары шенді шенеунік Израильдің бітімді жаңартуға және тұтқындар туралы келіссөздерге қатысты әрекеттерін сынаған. Ол Израиль қатыспаса да, АҚШ-тың Сауд Арабиясымен аймақтық келісімге қол жеткізетінін мәлімдеген.

"Газа секторындағы тұтқындар бұл соғыстың аяқталмауының құнын әлдеқашан төледі. Егер осы күнге дейін олар үшін ештеңе өзгермесе, бұл құн енді тек тұтқындарға ғана емес, Израиль үшін де едәуір ауыр болмақ," – деді АҚШ өкілі.

Сондай-ақ ол Йемендегі хоуситтермен жасалған бітімнің тек бастамасы екенін айтып, "егер Израиль ақылға келмесе, тіпті “Ғасырдың келісімі” де  онсыз жүзеге асады," деп қатаң ескерту жасады.

Кездесуге қатысқан израильдік кепілдердің туыстары бұл мәлімдемені " Айтылған пікірлер Израильге үнемі шексіз қолдау білдіріп келген одақтастың көзқарасын өзгерткенін көрсетті" деп бағалады.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді