ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Дағыстандағы нысанда өрт шықты.
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды

Ресейде «Ozon» электронды сауда платформасына тиесілі үш өңірдегі қойманың жұмысы дрон шабуылына байланысты уақытша тоқтатылды. Дағыстандағы нысанда өрт шықты.

«Ozon» компаниясының жазбаша мәлімдемесінде Ресейдің Дағыстан аймағындағы Махачкала қаласында орналасқан логистикалық орталыққа дронмен шабуыл жасалғаны айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, нысандағы қызметкерлер эвакуацияланған. Алдын ала мәлімет бойынша бірнеше адам жарақат алған. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

Шабуылдан кейін шыққан өртті төтенше жағдай қызметтері сөндіруге кірісті, ал қойманың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ «Ozon» компаниясының Адыгейск және Невинномысск қалаларындағы қоймалары да түнде дрон шабуылы қаупіне байланысты эвакуацияланды.

Бұл нысандарда қызметкерлер зардап шекпеген, қоймалар мен тауарларға зақым келмеген. Алайда төтенше жағдай қызметтерінің жұмысына байланысты қоймалар уақытша жабылды.

Бұған дейін Украина Ресейдің тағы бір электронды сауда платформасы «Wildberries»-ке тиесілі қоймалар мен логистикалық нысандарға дрон шабуылдарын жасаған еді.

 

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады