САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ-ның алты агенттігі: «Израильдің Газадағы әрекеттері адам өміріне немқұрайлылықты көрсетеді»
БҰҰ-ның алты агенттігі «Израильдің соңғы шабуылдары мен блокадасы Газадағы гуманитарлық күйреуді тереңдеткенін және адам өміріне немқұрайлылықпен қарағанын көрсетеді»,-деді бірлескен мәлімдемесінде.
БҰҰ-ның алты агенттігі: «Израильдің Газадағы әрекеттері адам өміріне немқұрайлылықты көрсетеді»
/ AA

БҰҰ-ның алты агенттігінің басшылары Израильдің Газа секторына жасаған блокадасы мен шабуылдарының апатты салдары туралы ескертіп, «Әлем адам өміріне құрметсіздік көрсететін соғыс әрекеттерінің куәсі болып отыр»,- деп мәлімдеді.

БҰҰ-ның Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы (OCHA), БҰҰ Балалар қоры (UNICEF), БҰҰ Жобалар қызметі (UNOPS), Палестиналық босқындарға арналған агенттік (UNRWA), Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) басшыларының дүйсенбі күні жариялаған бірлескен мәлімдемесінде «Бір айдан бері  Газаға коммерциялық немесе гуманитарлық жүк жеткізілмеді. 2,1 миллионнан астам адам қайтадан бомбалауға ұшырап, аштыққа душар болуда. Ал шекара өткелдерінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай және баспанаға арналған жүк жиналып, жеткізілмеуде» делінген.

Атысты тоқтату келісімі бұзылғаннан кейінгі алғашқы аптада 1 000-нан астам бала қаза тауып, жарақат алған. Бұл соңғы бір жылда Газа секторындағы балалар арасындағы ең жоғары бір апталық өлім көрсеткіші.

Гуманитарлық көмектің тоқтап қалғанына назар аударылған мәлімдемеде «Бірнеше күн бұрын атысты тоқтату кезінде Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы қолдау көрсеткен 25 наубайхана ұн және газ тапшылығына байланысты жабылуға мәжбүр болды» деген ақпарат берілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдері гуманитарлық дағдарыстың бұрын-соңды болмаған жағдайға жеткенін атап өтіп, «Біз Газа секторында адам өміріне құрметсіздік көрсететін соғыс әрекеттерінің куәсі болып отырмыз», - деді.  

«Израильдің көшіру бұйрықтары жүздеген мың палестиналықты тағы да көшуге мәжбүр етті, бірақ олар үшін қауіпсіз жер жоқ. Сондай-ақ Газаға жеткілікті көмек жетті деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды», – делінген бірлескен мәлімдемеде.

2023 жылдың қазан айынан бері 408 гуманитарлық көмек қызметкерінің, оның ішінде Палестиналық босқындарға арналған агенттіктің 280-нен астам қызметкерінің қаза тапқаны айтылды.

Бірлескен үндеу әлем үкіметтеріне халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау жауапкершілігін еске салып, «Бейбіт тұрғындарды қорғаңыз. Көмек жеткізуді жеңілдетіңіз. Кепілге алынғандарды босатыңыз. Атысты тоқтату келісімін жаңартыңыз» деген сөздермен шұғыл араласуға шақырды.

Іздеу
Болгарияда 25 қазанда президент пен вице-президент сайлауы өтеді
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді
Президент Трамп алдағы уақытта Иранға қатысты  маңызды өзгеріс болатынын айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
АҚШ сенаторы Сандерс Израильге әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды
Украинаға “Patriot” зымырандарын беру мәселесі шешілмеді
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Франция президенті Парсы шығанағы елдеріне сапарын бастады
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Палестина балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады