ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Болгарияда 19 сәуірде мерзімінен бұрын сайлау өтеді
Болгария президенті Илияна Йотова үкіметтің отставкаға кетуіне және жалғасып жатқан саяси тұрақсыздыққа байланысты 19 сәуірге кезектен тыс сайлау тағайындау туралы шешім қабылдады.
Болгарияда 19 сәуірде мерзімінен бұрын сайлау өтеді
Болгарияда 19 сәуірде мерзімінен бұрын сайлау өтеді / Reuters

Болгария президенті Илияна Йотова елде 19 сәуірде кезектен тыс парламенттік сайлау өтетінін хабарлады.

Йотова өткен аптада Болгария Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Андрей Гюровты кезекті парламенттік сайлауға дайындық жүргізуге жауапты уақытша үкіметтің басшысы етіп тағайындады. Бұл ЕО және НАТО мүшесі болып табылатын елде соңғы бес жыл ішінде өтетін сегізінші сайлау болмақ.

Бұған дейінгі үкімет экономикалық саясат пен сыбайлас жемқорлықпен күрестегі сәтсіздіктерге байланысты бірнеше аптаға созылған көше наразылықтарынан кейін 11 желтоқсанда отставкаға кеткен болатын.

Йотова сәрсенбі күні уақытша үкімет мүшелерін таныстырған Гюровпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында «19 сәуірде сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қоямын», — деді.

1 қаңтарда еуро аймағына қосылған Болгария парламенттің бытыраңқылығы салдарынан партиялардың тұрақты басқарушы коалициялар құра алмауына байланысты ұзақ уақыт бойы саяси тұрақсыздықты бастан кешіп отыр.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды