ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израильдің 16 сарбазы өз-өзіне қол жұмсаған
Газада геноцид басталғалы бері өз-өзіне қол жұмсаған Израиль әскерінің саны 54-ке жетті.
Израильдің 16 сарбазы өз-өзіне қол жұмсаған
/ Reuters

Израильдің мемлекеттік телеарнасы «KAN» таратқан мәліметтерге қарағанда, 2025 жылдың басынан бері 16 израильдік сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. 2023 жылдың қазанында Газада геноцид басталғалы бері  өз-өзіне қол жұмсаған сарбаздардың жалпы саны 54-ке жетті.

«KAN» телеарнасы тағы сегіз әскери қызметші, запастағы жеті сарбаз және бір кәсіби сарбаздың суицид жасағанын мәлімдеді. 2024 жылы 21 сарбаз, 2023 жылы 17 сарбаз өзіне қол жұмсаған.

«KAN» Газадағы құрлық операцияларына жұмылдырылған резервшілер арасында өз-өзіне қол жұмсау деңгейінің айтарлықтай артқанын баса айтты.

Сонымен қатар шамамен 3 770 сарбазға жарақаттан кейінгі стресс диагнозы қойылған. Израильдің медиа агенттігі қырғын басталғаннан бері жараланған 19 000 сарбаздың шамамен 10 000-ында психологиялық симптомдар бар екенін және Қорғаныс министрлігінің оңалту бөлімі арқылы емделіп жатқанын атап өтті.

Бұл жағдайды шешуге тырысқан Израиль армиясы сарбаздардың психологиялық төзімділігін арттыру үшін шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, соғыс ардагерлерін әскери психологтарға жолдауда.

«Yedioth Ahronoth» басылымы әскери мәлімдемеге сілтеме жасап, резервтегі Ариэль Мейр Таманның жексенбі  түні Израильдің оңтүстігіндегі үйінде өлі табылғанын хабарлады. Басылым сарбаздың өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін және өлім себебін анықтау үшін әскери тергеу басталғанын жазды.

Әскери деректерге қарағанда, Газада қырғын басталғалы 895 израильдік сарбаз қаза тауып, 6134 адам жараланған. Армия әскер өлімін жасырғаны үшін сынға ұшырауда.

Геноцид

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 60 мың палестиналық қаза тапты. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.

Израиль шабуылдарын жалғастырып, Газа секторының көп бөлігін қирандыға айналдырды және бүкіл халықты көшірді.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен сол кездегі қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер шығарды.

Израиль Палестинаға жүргізген аяусыз соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

 

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады