ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранға қарсы енгізілген теңіз қоршауын бұзуға әрекеттенді деген себеппен Оман шығанағындағы сауда жүк кемесіне соққы жасағанын хабарлады.
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
Оман шығанағы

CENTCOM әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Оман шығанағында Панама туымен жүзген «M/V Ocean Molica» кемесінің ескертулерге бағынбай, Иранға қарсы теңіз қоршауын бұзып өтуге тырысқаны үшін нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеге сәйкес, кеменің артқы бөлігіне дәлдігі жоғары оқ-дәрімен соққы жасалып, экипаж мүшелеріне зиян келтірілместен қозғалтқыш жүйесі істен шығарылған.

«Бұл ірі жүк кемесі Иран порттарының бірінен шыққаннан кейін аймақтағы су айдыны арқылы өтуге әрекеттенген», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ 14 шілдеден бері АҚШ-тың Иран порттарына кіретін және олардан шығатын кемелерге енгізген теңіз қоршауы аясында төрт сауда кемесі істен шығарылып, 135 кеме кері қайтарылғаны хабарланды.

Осы кезеңде АҚШ күштері Иран Ислам революциясы сақшылары корпусына тиесілі, құны миллиардтаған доллар болатын жасырын желімен байланысы бар 10 мұнай танкерін жойғанын мәлімдеді.

 

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті