ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ираннан атылып Түркия әуе кеңістігіне бет алғаны анықталған баллистикалық оқ-дәрілерге Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО әуе және зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшелері тарапынан уақтылы соққы берілгені айтылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
«Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды» / TRT

Хатайға құлаған бөлшектер әуе қорғаныс зымыранына тиесілі

Аталған қатердің әуеде жойылған.  Артынан Хатайдың Дөртйол ауданына құлаған бөлшектерге қатысты ақпарат берілген мәлімдемеде былай делінген:

 «Хатай уәлаятының Дөртйол ауданына құлаған оқ-дәрі бөлшегі аталған қатерді әуеде жою барысында тосқауыл қойған әуе қорғаныс оқ-дәрісіне тиесілі екені анықталды. Оқиғада ешкімге зиян тимеді».

 «Қауіп қайдан келсе де, лайықты жауап беріледі»

Түркияның аймақтық тұрақтылық пен тыныштықты жақтайтыны атап өтілген мәлімдемеде ел мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерік-жігер мен әлеуеттің ең жоғары деңгейде екені баса айтылды.

Мәлімдемеде «Кімнен және қайдан келсе де, жеріміз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құдіретіміз жетеді. Әуе кеңістігімізді қорғау үшін  батыл қадам басылады. Елімізге қарсы бағытталған кез келген қаскөйлік әрекетке жауап беру құқығымыз бар екенін ескертеміз», — делінген.

 Аймақтық қақтығыс туралы ескерту

Түрік билігі барлық тарапты қақтығыстардың кеңеюіне әкелетін қадамдардан аулақ болуға шақырды. Осы орайда НАТО және басқа да одақтастармен консультация жалғасатыны атап өтілді.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті

Дипломатиялық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, министр Фидан келіссөз барысында Ираннан атылғаннан кейін түрік әуе кеңістігіне бағытталғаны анықталып, залалсыздандырылған баллистикалық оқ-дәрі мәселесіне қатысты Түркияның наразылығын жеткізді.

Аймақтағы шиеленіске назар аударған Фидан қақтығыстардың өршуіне себеп болатын кез келген қадамнан бас тарту қажеттігін баса айтты.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді