ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Түркия Пәкістан халқына көңіл айтты
Түркия Пәкістанның бірнеше уәлаятында болған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандарға қайғырып, Пәкістан халқына көңіл айтты.
Түркия Пәкістан халқына көңіл айтты
/ AA

Түркия сенбі күнгі су тасқынында жүздеген адамның қаза болуына байланысты Пәкістанға көңіл айтты.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Пәкістанда болған сел апатынан қаза тапқандарға қайғырып, Пәкістан халқына көңіл айтамыз. Қаза тапқандарға Алладан рақым тілейміз», – делінген.

Пәкістан билігінің сенбі күнгі мәліметінше, елдегі қатты жауын-шашыннан туындаған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 321 адамға жеткен.

Хайбер-Пахтунхва уәлаятының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше қаза тапқандардың көпшілігі (307) Хайбер-Пахтунхва уәлаятынан.

Сондай-ақ Гилгит-Балтистан уәлаятында бес, ал Пәкістан басқаратын Кашмирде (Азад Джамму Кашмир) тоғыз адамның қаза тапқаны хабарланды.

Көптеген аймақта ұялы байланыс мұнараларының зақымдануы салдарынан байланыс үзілген.

Тағы да су тасқыны болуы мүмкін

Ұлттық Төтенше жағдайлар басқармасы жұма күнінен бастап 10 қыркүйекке дейін жалғасатын жаңа муссон жаңбыры туралы ескертті.

Сондай-ақ билік өкілдері ауа температурасының көтерілуі таулы аймақтардағы қар мен мұздықтардың еруін жылдамдатып, өзендердегі су ағысын арттырғанын атап өтті.

Маусым айынан қыркүйек айына дейін созылатын муссон жауындары салдарынан Оңтүстік Азияда, соның ішінде Пәкістанда жиі апат болады. Соңғы жылдардағы климаттың өзгеруі апаттың күшін арттырып, болжау мүмкіндігін азайтты.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді