САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Ресей президенті Владимир Путин Арменияның Гюмри қаласындағы Ресей әскери базасына қатысты: «Егер Армения бұл инфрақұрылымға мұқтаж емес деп шешсе, біз ертең де кетеміз», — деген мәлімдеме жасаған болатын.
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Никол Пашинян Владимир Путинмен 1 қыркүйекте Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында кездескен болатын.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз елінде Ресей әскери базасының болуы өміршең маңызға ие емес екенін мәлімдеп, «Егер Ресей әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз», — деді.

Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен 1 қыркүйекте Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Саммиті аясында өткізген кездесуіне баға берді.

Кездесудің нәтижелі өткенін жеткізген Пашинян таяу арада Ресей астанасы Мәскеуге сапармен бару жөнінде уағдаласқандарын атап өтті.

Путинмен Ресей басқаратын Армения теміржолдары мәселесін де талқылағандарын айтқан Пашинян: «Бұл мәселені шешуіміз қажеттігі төңірегінде ортақ түсінік қалыптасты. Қазіргі жағдайдың ұзақ уақыт бойы жалғаса беруі мүмкін емес», — деген сөздерді келтірді.

Пашинян Армениядағы Ресей әскери базасына қатысты «Бұл мәселе күн тәртібіне келген жоқ. Арменияда Ресей әскери базасының орналасуы өміршең маңызға ие емес. Егер Ресей әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз. Алайда олар қалғысы келетіндерін білдірсе, бұны да талқылауға дайынбыз», — деді.

Ресей президенті Путин Арменияның Гюмри қаласындағы Ресей әскери базасына қатысты «Егер Армения бұл инфрақұрылымға мұқтаж емес деп шешсе, біз ертең де кетеміз», — деп мәлімдеме жасаған болатын.

Іздеу
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады