ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ұлыбритания дипломаты Түркияның аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілік орнатудағы рөлін жоғары бағалады
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Анкараға сапары барысында стратегиялық серіктестік, коммерциялық байланыстар мен ортақ дипломатия мәселелеріне тоқталды.
Ұлыбритания дипломаты Түркияның аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілік орнатудағы рөлін жоғары бағалады
/ AA
1 Шілде 2025

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі э Анкарада Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Ол баспасөз мәслихатында Түркияның аймақтық рөлін жоғары бағалады.

Дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Лэмми Ұлыбритания мен Түркия арасындағы тығыз дипломатиялық қарым-қатынастарға тоқталып, бұл қарым-қатынастың диалог, стратегиялық теңдік және терең мәдени байланыстар негізінде құрылғанын атап өтті.

Лэмми Ұлыбритания-Түркия қарым-қатынастарының күші мен жиілігіне тоқталып, «Қызметтегі 12 ай ішінде министр Хакан Фиданды көрмеген немесе онымен сөйлеспеген айым болған жоқ, біз бірнеше рет сөйлестік», - деді.

Лэмми жыл сайынғы сауда көлемі 28 миллиард фунт стерлингке (38,4 миллиард доллар) негізделген жаңа Еркін сауда келісімі бойынша жалғасып жатқан келіссөздерге де тоқталды. Сондай-ақ осы жылы Түркияға саяхаттайтын шамамен бес миллион Ұлыбритания азаматы мен түрік тілді қауымның болуын халықтар арасындағы байланыстың дәлелі ретінде атады.

«Түрік өнеркәсібі мен бизнес әлемінің көбінесе Ұлыбританияда орналасып, серіктестік негізінде жұмыс істеуі - осы мықты іскерлік қатынастардың дәлелі», - деді Лэмми.

Түркияның Украина, Газа және Сириядағы рөлі

Лэмми Түркияның Украинада бейбітшілік орнату және Ресей агрессиясына қарсы тұру әрекеттерін жоғары бағалап, Анкараның Қаратеңіз аймағын тұрақтандыру және көптен күткен атысты тоқтатуға бағытталған күш-жігеріне тоқталды.

Украинадағы бейбіт тұрғындар мен ресейлік әскерлердің шығындарына тоқталған Лэмми «Мен Түркияның бейбітшілікті қамтамасыз ету және адам шығынын тоқтату үшін жасаған жұмысына өте ризамын», - деді.

Газа мәселесінде екі елдің гуманитарлық дағдарысқа қатысты ортақ алаңдаушылығын білдіріп, екі мемлекетті шешімді жақтайтындарын қайталады. Лэмми Ұлыбритания Түркияның аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын атап өтіп, келіссөздерде Сирияның да талқыланғанын растады.

«Өте жақын іскерлік қарым-қатынасымыз бар және қиын әрі күрделі геосаяси кезеңде Ұлыбритания мен Түркия арасында одан әрі тығыз ынтымақтастықты көретін боласыздар деп ойлаймын»,- деді Лэмми.

Іздеу
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
Бурханеттин Дуран: «НАТО заманауи құрылымдық соғыс қаупіне қарсы қайта қалыптасуы тиіс»
Пәкістан Израильді айыптады
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады