ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
БҰҰ: «Газадағы әрбір үш палестиналықтың бірі бірнеше күннен бері аш»
БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі жоғары лауазымды өкілі Газа секторындағы гуманитарлық апаттың ушығып жатқанын ескертті. Оның айтуынша, Палестинадағы әрбір үш адамнан  бірі бірнеше күн бойы тамақ ішпеген.
БҰҰ: «Газадағы әрбір үш палестиналықтың бірі бірнеше күннен бері аш»
/ AA

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары және төтенше жағдайда көмек көрсету жөніндегі үйлестірушісі Том Флетчер жексенбі күні Израильдің бір апталық көмек көлемін арттыру туралы шешіміне қарамастан, аштықтың алдын алу үшін ауқымды көмек қажет екенін айтты.

«Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыс өте ауыр. Газадағы әрбір үш палестиналықтың бірі бірнеше күн тамақ ішпеген. Адамдар азық-түлік кезегінде тұрған кезде оққа ұшып жатыр», – деді Флетчер «X» платформасында жасаған мәлімдемесінде.

Алғашқы есеп бойынша, 100-ден астам гуманитарлық көмек көлігі шекара бекетінде жиналып, Газаға кіруге дайындалуда.

«Ашаршылық пен апат деңгейіндегі денсаулық сақтау дағдарысының алдын алу үшін ауқымды көмек қажет», – деген Флетчер шұғыл және тұрақты қолжетімділікті, көліктердің бекеттерден жылдам өтуін және күніне бірнеше рет өтуге рұқсат берілуін, тұрақты отын жеткізілуін және қауіпсіз гуманитарлық дәліздердің құрылуын талап етті.

Ол «Гуманитарлық көмек кешікпеуі керек және қауіпсіз түрде жеткізілуі тиіс», – деп ескертті. Сондай-ақ Флетчер БҰҰ-ның барлық тұтқындарды дереу босату туралы талабын тағы бір рет қайталады.
«Әрине түпкі мақсат –  уақытша емес, бейбітшілікке тұрақты қол жеткізу», – деді ол.

Геноцид

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 59 мыңға жуық палестиналық қаза тапты. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.

Израиль шабуылдарын жалғастырып, Газа секторының көп бөлігін қирандыға айналдырды және бүкіл халықты көшірді.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен сол кездегі қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер шығарды.

Израиль Палестинаға жүргізген аяусыз соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

 

 

Іздеу
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
ЕО мен Бахрейн стратегиялық серіктестік жөніндегі келіссөздерді бастады
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Ресей: «Украинаның дрон шабуылдарынан 3 адам қаза тапты»
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді