ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Украина Мәскеуге қысымды күшейту қажет екенін айтып, халықаралық қауымдастықты қатаң шаралар қабылдауға шақырды.
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды / Reuters

Украина Ресей шабуылдарынан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шұғыл отырыс өткізуді талап етті. Сондай-ақ шабуылдарда тарихи монастырь ғимаратының нысанаға алынғаны хабарланды.

Киев билігі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде шабуылдар салдарынан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген әрі Украинаның ең маңызды діни және мәдени нысандарының бірі саналатын Печерск Лавра монастырь кешеніндегі Успение соборының қатты зақымданғанын хабарлады.

Украина Сыртқы істер министрі Андрий Сыбига бұл мәселеге байланысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО ұйымдарына да жүгініп, тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

Сыбиганың айтуынша, шабуылдар Киев, Харьков, Днепр және өзге де қалаларды нысанаға алған. Cалдарынан бейбіт тұрғындар мен төтенше жағдай қызметкерлері қаза тауып, балалар жараланған.

Сыбига «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Ресей халқымызға, қалаларымызға, мәдени және діни мұрамызға шабуыл жасау арқылы халықаралық құқықты және қорғау үшін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі қағидаттарын мүлде құрметтемейтінін көрсетіп отыр», – деп мәлімдеді», – деп жазды.

Мәскеуге қысымды күшейту қажет екенін атап өткен Сыбига халықаралық қауымдастықты бұл әрекеттерге қатаң жауап қайтаруға шақырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Киевтегі тарихи собор Ресей шабуылынан өртке оранды

Тараптар бір-бірін айыптауды жалғастыруда

Бұған дейін Мәскеу мен Киев түн ішінде жасалған ауқымды зымыран және дрон шабуылдарына байланысты бір-бірін айыптаған болатын. Екі тарап та инфрақұрылым нысандары мен тұрғын аудандарға зақым келгенін хабарлады.

Украина билігінің мәліметінше, шабуылдар салдарынан кемінде 5 адам қаза тауып, 25 адам жараланған.

Украинаның айыптауларына жауап ретінде Ресей Қорғаныс министрлігі жексенбі түні соққы жасалған нысандардың тізімін жариялады.

Министрлік Печерск Лавра аумағындағы зақым Украинаның әуе қорғанысы күштері ұшырған «Patriot» зымыранының құлауынан болғанын мәлімдеді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?