ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Хакан Фидан мен Ибрахим Калын Украинаның жоғары деңгейдегі қорғаныс өкілімен кездесті
Түркия  қақтығыс басталғалы бері Мәскеу және Киев арасында маңызды араағайын болды.
Хакан Фидан мен Ибрахим Калын Украинаның жоғары деңгейдегі қорғаныс өкілімен кездесті
Хакан Фидан мен Ибрахим Калын Анкарада Украинаның жоғары деңгейдегі қорғаныс өкілі Умеровпен кездесті / AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын жаңа жылдың алғашқы дипломатиялық кездесуін Анкарада Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеровпен өткізді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеге сәйкес, Фидан мен Умеровтың кездесуі бейсенбі күні Анкарада өткен.

Кездесу туралы толық ақпарат жарияланған жоқ, алайда кездесу шамамен төрт жылға созылған Ресей-Украина соғысын аяқтауға көмектесуі мүмкін деген халықаралық деңгейде күшейіп келе жатқан оң ахуал аясында өтті.

Мәскеу және Киевпен байланысын жалғастырып отырған Түркия қақтығыс басталғаннан бері өзін маңызды араағайын ретінде танытып, атысты тоқтату әрекеттерін, тұтқын алмасуды және соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерді қолдап келеді.

Ибрахим Калынмен кездесу

Қауіпсіздік дереккөздерінің мәліметінше, Умеровтың Калынмен кездесуі Украинадағы қауіпсіздік жағдайына, Ресей мен Украина арасындағы жалғасып жатқан қақтығысқа және оның өңірлік әрі жаһандық салдарына арналды.

Кездесу барысында тараптар бейбітшілікке қол жеткізу үшін басылуы мүмкін ықтимал қадамдарды, келіссөз үдерісіндегі соңғы өзгерістерді, сондай-ақ өңірлік ахуалды ескере отырып атқарылуы мүмкін шараларды талқылады.

Сонымен қатар келіссөздерде Ресейдегі украиналық тұтқындарды босату және тараптар арасында жалғасып жатқан, әрі алдағы уақытта жүзеге асуы мүмкін тұтқын алмасу әрекеттері де қарастырылды.

Калын мен Умеров Түркия мен Украина арасындағы жүйелі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Хакан Фиданның 2025 жылғы дипломатиялық марафоны

Фидан қарқынды дипломатиялық жылды артта қалдырып, жаңа жылда Умеровпен кездесті.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Фидан 2025 жылы 89 елдегі әріптестерімен 241 кездесу өткізіп, Анкараның халықаралық деңгейдегі белсенді сыртқы саясатын айқындады.

Министрлік таратқан видеода Фиданның өткен жылы 50 елге 73 ресми сапар жасағаны, олардың 22-сі президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге жүзеге асқаны атап өтілді.

Сыртқы істер министрі сондай-ақ 22 көпжақты кездесуге төрағалық етіп, 31 халықаралық жиынға қатысқан. Олардың 10-ына президент Ердоған да қатысқан.  

Бұған қоса Түркия екіжақты сапарлар мен көпжақты іс-шаралар аясында 96 елдің Сыртқы істер министрлерін қабылдап, өзгеріп жатқан жаһандық жағдайда Анкараның кең ауқымды дипломатиялық байланыстарын көрсетті.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті