САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль бес палестиналықты өлтірді
Өлімге әкелген шабуыл Беньямин Нетаньяху Газадағы әскерлер жараланғаннан кейін «тиісті түрде жауап беріледі» деген ескертуінен көп ұзамай жасалды.
Израиль бес палестиналықты өлтірді
Шабуылдан кейін шатырда өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметі жалынды сөндіруге кірісті. / AA

Денсаулық сақтау дереккөздері Анадолы агенттігіне қоршаудағы Газаның оңтүстігінде Израильдің әуе шабуылдары салдарынан бес палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, сәрсенбі күні Хан-Юнус қаласында босқындар тұрып жатқан шатырларды нысанаға алған шабуылда қаза тапқандардың арасында екі бала да болған.

Шабуыл Беньямин Нетаньяхудың Рафахта палестиналық қарулы топтармен болған қақтығыстар кезінде израильдік әскерлердің жаралануына «тиісті түрде жауап беріледі» деген мәлімдемесінен кейін жасалды.

«Соғыс қылмысы»

Израиль әскері шабуылдардың Рафахтағы жоғары лауазымды бір ХАМАС өкілін нысанаға алғанын мәлімдеді.

Израиль баспасөзінің хабарлауынша, Рафахтағы жерасты туннельдерінде шамамен 200 ХАМАС жауынгері қалып қойған, ал Тель-Авив ХАМАС пен араағайындардың бұл жауынгерлерге ұйым бақылауындағы аймақтарға қауіпсіз өтуге рұқсат беру туралы өтінішіне әлі жауап қайтармаған.

ХАМАС Хан-Юнустағы Израиль шабуылдарын «соғыс қылмысы, бітімге құрметсіздік, әрі Израильдің өз міндеттемелерінен жалтаруға бағытталған әрекеті», -  деп айыптады.

Ұйым бұл шиеленіске толықтай Израиль жауапты деп мәлімдеп, араағайын елдер мен кепілгер мемлекеттерді Нетаньяху мен оның үкіметін қылмысты тоқтатуға және келісімді орындауға мәжбүрлеуге шақырды.

ХАМАС бұған дейін Рафахта қалып қойған жауынгерлермен байланысы жоқ екенін және 10 қазанда күшіне енген бітімге толықтай бағынатынын растаған болатын.

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газаға жүргізген шабуылдарында 70 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Аймақтың басым бөлігі қирап, халық босқынға айналды.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді