ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Кофенің иісі көңіл-күй мен ми толқындарын өзгерте алады
"Nutrients” журналында жарияланған зерттеуге 20 мен 29 жас аралығындағы 20 университет студенті қатысты.
Кофенің иісі көңіл-күй мен ми толқындарын өзгерте алады
Кофенің иісі көңіл-күй мен ми толқындарын өзгерте алады

Жапониядағы Шова фармацевтикалық университетінің зерттеушілері тартылған 20 грамм кофені 400 миллилитр ыстық суға демдеп, қатысушылардан шамамен 50 сантиметр қашықтыққа орналастырды.

Бес минуттық иіс әсерінен бұрын және кейін жүргізілген өлшеулерде мынадай нәтижелер тіркелді:

  • Қатысушылардың шаршау, ашу, уайым, абдырау және депрессия көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді.

  • Энергия мен сергектік сезімінде бірден күрт өсім байқалмағанымен, кофе иісінің көбіне жағымсыз эмоцияларды жеңілдететіні анықталды.

  • Мидағы альфа, бета және тета толқындарының қатынасынан есептелетін «демалу индексінің» артқаны белгілі болды.

Иістің есте сақтау және күту сезімімен арадағы байланысы

Иіс сезу түйсігінің мидағы эмоция мен есте сақтау орталықтарымен тікелей байланысты екені белгілі. Кофе иісінің таңертеңгі әдет, демалыс үзілісі немесе достық әңгімелер сияқты жағымды өткен тәжірибелерді ояту арқылы осы өзгеріске жол ашуы мүмкін екені айтылуда.

Зерттеушілер жұмыста бақылау тобының қолданылмауы және қатысушылардың кофе тұтыну әдеттерінің егжей-тегжейлі зерттелмеуі себепті нәтижелердің нақты дәлел болудан гөрі бастапқы тұжырым сипатына ие екеніне назар аударады.

Қатысушылардың тек бес минут бойы тыныш демалғанының өзі де көңіл күйдің осылай жақсаруына үлес қосқан болуы мүмкін екені айтылуда.

Іздеу
Түркия Республика күнін тойлауда
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді
БҰҰ Угандадағы азық-түлік тапшылығы туралы ескертті
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
Ресей Украинаның Херсон бағытында уақытша атысты тоқтату режимін енгізді
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Түркия жандармериясы Испаниядан 101 медальмен оралды
Нигериядағы қарулы шабуылдан 48 адам қаза тапты
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдері Иранға барады
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Тегеранда төрт елдің жоғары лауазымды өкілдері кездеседі