ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Түркия Газа журналистері туралы кітап шығарды
Дәлелдерге негізделген бұл кітапта Израильдің байланыс инфрақұрылымын әдейі жойғаны және ақиқатты жеткізуге тырысқандарға бағытталған әрекеттер жан-жақты баяндалады.
Түркия Газа журналистері туралы кітап шығарды
Түркия Газа журналистері туралы кітап шығарды / AA

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Газа секторындағы оқиғалардың гуманитарлық әрі тарихи қырларын құжаттайтын «Ақиқаттың дұшпаны – Израильдің журналистикаға қарсы соғысы» атты кітап жариялады.

Басқарманың сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде түрік, ағылшын және араб тілдерінде жазылған бұл кітапта әсіресе 2023 жылдың қазан айынан бері Газада журналистердің жүйелі түрде нысанаға алынуы тарихи жазба мен куәгерлер арқылы қарастырылатыны айтылды.

Алғы сөзін президент Режеп Тайып Ердоған жазған бұл еңбекте Израильдің Газада журналистерді әдейі нысанаға алуы, байланыс инфрақұрылымын қасақана жоюы және шындықты жеткізуге тырысқандарға бағытталған әрекеттері кең ауқымды құжаттар мен куәгерлер арқылы егжей-тегжейлі баяндалған.

Кітапта оқ өткізбейтін жилет пен камераларын асынып жұмыс істеген журналистердің үйлерінің талқандалуы, олардың отбасыларының нысанаға алынуы және Израиль тарапынан қаза тапқан 283 БАҚ қызметкерінің өмір жолы суреттеледі.

«Израиль ақиқатты жеткізуге тырысқан журналистерді нысанаға алуда»

Президент Ердоған кітаптың алғы сөзінде адамзат тарихы әрдайым қақтығыстар мен соғыстарға куә болып келгенін, тарихтағы маңызды кезең деп аталатын осындай ауыр кезеңдер туралы мәліметтер дәл сол кезде жазылып алынғандықтан бүгінге дейін жеткенін атап өтті.

Тарих жазудың тарих жасау сияқты маңызды екеніне назар аударған президент Ердоған әлем тағдырын өзгертетін оқиғалар бірінің артынан бірі болып жатқан қазіргі кезеңде жағдайды айқын көрсетіп, тарихшылар секілді оларды құжаттап жүрген баспасөз қызметкерлері тек ақпаратты қазір жеткізу үшін ғана емес, осы үдерістерді болашаққа жеткізу тұрғысынан да аса маңызды міндет атқаратынын айтты.

Ердоған тарихи деректерді сақтау және ақиқатты қоғамға дұрыс жеткізу үшін жанкешті еңбек ететін баспасөз өкілдерінің әсіресе қақтығыс пен соғыс аймақтарында өз міндеттерін қауіпсіз әрі лайықты жағдайда атқара алуларын қамтамасыз ету әлем елдері үшін ең маңызды жауапкершіліктердің бірі екенін атап өтті. Ол мемлекеттер осы жауапкершілікті алмаған жағдайда ақиқаттың халыққа жетуі мүмкін болмайтынын да қоса айтты.

Ердоған алғы сөзінде былай деді: «2023 жылдың 7 қазанынан бастап Израиль геноцидінің халықаралық қауымдастықтағы көріністері ˗ назар аударғымыз келген ақиқаттың айғағы. Израильдің мақсаты тек басқыншылық пен жаппай жазалау әдісі арқылы алдымен әйелдер және балалармен бірге бір халықты жою емес, қырғынды мүлде болмағандай көрсету және халықаралық қауымдастықты Газаға жасаған әрекеттерінің қалыпты екеніне сендіру. Израиль мұны жүзеге асыру үшін өздері құрған жалған сценарийдің артындағы шындықты ашуға тырысқан журналистерді нысанаға алуда».

Ердоған Израильдің соғыс және гуманитарлық құқық нормаларын аяққа таптап, шындықты жеткізуге тырысқан журналистерді жазалау мақсатында олардың үйлерін, тіпті отбасыларын да атқылағанын, соның салдарынан Газа журналистерінің тек сөз бостандығынан емес, тіпті өмір сүру құқығынан да айырылғанын айтты.

Президент сондай-ақ Газаға қатысты ақиқатты жеткізгісі келген баспасөз өкілдерін жазалау үшін Израиль ешқандай құқық нормасын елемей, олардың үйлерін бомбалаудан, отбасы мүшелерін жоюдан тайынбағанын, тіпті оларға өмір сүру құқықығын бермегенін атап өтті.

Ердоған алғы сөзін журналистерге құрмет білдірумен аяқтады: «Израиль аяусыз қырған баспасөз өкілдерінің қайсар күресін құрметпен еске аламын. Ерліктерімен баспасөз тарихында ерекше орын алатын бұл журналистердің шындықты өз өмірлерін қатерге тіге отырып жеткізуге тырысқан үнінің кең аудиторияға жетуі үшін күресімізді жалғастырамыз».

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты