САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сеул Солтүстік Кореяның биыл Ресейге тағы 3,000 сарбаз жібергенін мәлімдеді
Мәскеу де, Пхеньян да бұл хабарды ресми түрде растаған жоқ, бірақ екі ел өткен жылы кең ауқымды әскери келісімге қол қойған болатын.
Сеул Солтүстік Кореяның биыл Ресейге тағы 3,000 сарбаз жібергенін мәлімдеді
/ AP
28 Наурыз 2025

 Солтүстік Корея биыл Ресейге қосымша 3,000 сарбаз жіберіп, Киевке қарсы күресте көмектесу үшін зымыран, артиллерия және оқ-дәрілер жеткізуді жалғастыруда,- деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның әскери басшылығы.

«Қаңтар мен ақпан айлары арасында қосымша 3,000 сарбаз жіберілген болуы керек », – деп бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Бас штаб басшылығы хабарлады.

Ресейге бастапқыда жіберілген 11,000 солтүстіккореялық сарбаздың 4,000-ы қаза тапқан немесе жараланған деп есептеледі. Мәлімдемеде «Адам күшінен бөлек, Солтүстік Корея зымыран, артиллериялық жабдық және оқ-дәрілер жеткізуді жалғастыруда», – делінген.

Есепке қарағанда, «Қазірге дейін Солтүстік Корея қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандардың (SRBM) едәуір көлемін, сондай-ақ 170 мм өздігінен жүретін зеңбіректердің және 240 мм көп зарядты зымыран қондырғыларының шамамен 220 данасын жеткізген»

«Бұл көрсеткіш ұрыс алаңындағы жағдайға байланысты артуы мүмкін», – деп айтылды.

Шабуылшы дрондар

Ресей мен Солтүстік Корея дәстүрлі одақтастар ретінде 2022 жылы Мәскеудің Украинаға шабуылынан кейін жақындай түсті. Сеулдің айтуынша, Ким Чен Ын Мәскеуге мыңдаған сарбаз бен қару-жарақ контейнерлерін жіберуде.

Мәскеу де, Пхеньян да ресми түрде сарбаздардың жіберілгенін растаған жоқ, бірақ өткен жылы екі ел ауқымды әскери келісімге қол қойды. Бұл келісім өзара қорғаныс тармағын қамтиды және Ресей Президенті Владимир Путиннің Солтүстік Кореяға сирек сапары кезінде жасалды.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі бейсенбі күні Ким Чен Ынның жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған жаңа суицидтік және барлау дрондарын сынақтан өткізгенін хабарлады.

Жаңа стратегиялық барлау дроны «жердегі және теңіздегі әртүрлі стратегиялық нысандар мен жау әскерлерінің әрекеттерін бақылауға және қадағалауға қабілетті», – деп хабарлады Корея Орталық Ақпарат Агенттігі (KCNA).

Суицидтік дрондар да «әртүрлі тактикалық шабуыл миссияларында қолдануға болатын» соққы беру мүмкіндігіне ие» деп айтылды.

Ким «стратегиялық барлау дронының және жасанды интеллект енгізілген суицидтік шабуыл дрондарының жақсартылған өнімділігін» тексерді. Сондай-ақ ол «өндіріс қуатын кеңейту жоспарын» да бекітті.

 

Іздеу
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
«Түркия мәселелерді «бейбітшілікке негізделген дипломатиямен» шешуге тырысуда»
Түркия Израильде ұсталған «CNN Türk» тілшілерінің дереу босатылуын талап етті
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
Индонезия мен Иран сыртқы істер министрлері сөйлесті
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»