ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Папа XIV Лео Түркияның діни толеранттылығын мақтады
Папа Түркияны түрлі діндердің бірлігінің үлгісі ретінде мақтап, президент Ердоғанның Украина мен Газадағы қақтығыстарда араағайындық жасау әлеуетін атап өтті.
Папа XIV Лео Түркияның діни толеранттылығын мақтады
Папа XIV Лео Түркияның діни толеранттылығын мақтады / Reuters

Папа XIV Лео Түркияны діндер арасындағы бірліктің үлгісі ретінде мақтап, халқының басым бөлігі мұсылман болуына қарамастан христиан қауымымен бірге қатар өмір сүріп отырғанын атап өтті.

Папа жексенбі күнгі мәлімдемесінде «Түркия халқының басым бөлігі мұсылман болғанына қарамастан, мұнда христиан қауымы да бар. Бұл әртүрлі дін өкілінің бейбіт өмір сүре алатынын дәлелдейді, әрі әлемге дәл қазір осындай үлгі қажет», - деді.

Папа сондай-ақ Түркияның жаһандық бейбітшілікке қосқан рөліне тоқталып, президент Режеп Тайып Ердоғанның Украина, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшыларымен байланыстарын атап өтті.

Папа Лео бұл байланыстардың диалогты күшейтуге, атысты тоқтату келісімдерін ілгерілетуге және Украинадағы соғысты тоқтатудың жолдарын іздеуге көмектесе алатынын айтты.

Палестина

Папа Түркиядан Ливанға бара жатып ұшақта журналистің Газа мен Украинадағы қақтығыстарға қатысты президент Ердоғанмен өткізген жеке кездесулері туралы сұрағына жауап берді және мұндай кездесудің болғанын растады.

Анкараның Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерге үлес қосып жатқанын атап өткен Папа Лео Түркияны екі дағдарыста да «маңызды актер» деп сипаттады.

Ватиканның Палестинаға қатысты екі мемлекет негізіндегі шешімді қолдайтынын қайталаған Папа Лео Израильдің қазіргі қарсылығына қарамастан, мұның израильдіктер мен палестиналықтар арасында тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы екенін айтты.

Папа XIV Лео: «Бәрімізге мәлім Израиль бұл шешімді қабылдамай отыр, бірақ біз мұны жалғыз шешім деп санаймыз», -  деді.

Іздеу
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”