ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израильдің Газа қаласын басып алу үшін құрлықтық операция бастағаны хабарланды
“Axios”-тің хабарлауынша, Израиль билігі өкілдері Рубионың Нетаньяхуға Трамп операцияны қолдайтынын, бірақ оның жедел және тез аяқталуын қалайтынын айтқанын жеткізді.
Израильдің Газа қаласын басып алу үшін құрлықтық операция бастағаны хабарланды
/ AP

“Axios” сондай-ақ Израиль армиясының палестиналықтарды мәжбүрлеп жер аудару мақсатында көп қабатты ғимараттарды нысанаға алған және бірнеше аптаға созылған жаппай бомбалауынан кейін Газа қаласын басып алу үшін құрлықтық операцияны бастады деп хабарлады.

“Axios” дүйсенбіде анонимді израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап, басып алу басталғанын растады.

Шиеленістің күшеюі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың оккупацияланған Шығыс Иерусалимдегі Әл-Акса мешіті маңында Беньямин Нетаньяхумен кездесуінен аз уақыт өткен соң болды.

Хабарға қарағанда екі израильдік шенеунік Рубио Нетаньяхуға Трамптың құрлықтық операцияны қолдайтынын, бірақ оның тез аяқталғанын қалайтынын жеткізгенін айтты.

Сонымен қатар бір жоғары лауазымды израильдік шенеунік «Рубио құрлықтық операция үшін тежемеді» деп мәлімдегені хабарланды. АҚШ-тың бір өкілі болса, Трамп Нетаньяхуды тоқтатпайтынын, Израильге Газадағы соғыстың әрі қарай өршуі мен оның гуманитарлық салдары үшін өз жауапкершілігін қабылдауға мүмкіндік беретіні туралы айтқан.

АҚШ өкілі: «Бұл Трамптың емес, ‘Бибидің’ соғысы. Барлығы үшін өзі жауапты» деді.

Этникалық тазалау және толық жою туралы айыптаулар

Израиль бас штабының бастығы Эяль Замир де бар жоғары деңгейлі қауіпсіздік басшылары Нетаньяхуды операцияға қарсы ескертіп, оның израильдік әскердің шығындарына әкелуі мүмкін екенін және ХАМАС-ты жеңуге ықпал етпеуі мүмкін екенін айтқан.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының оккупацияланған Палестина территориялары бойынша арнайы есепшісі Франческа Альбанезе Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарын айыптап, бұл шабуылдың Газаны тұра алмайтын күйге келтіруді мақсат ететінін және этникалық тазалау жоспарының бөлігі болғанын білдірген.

Женевада өткен брифингте Альбанезе Израильдің Газа қаласының ең ірі орталығына жасаған шабуылын «толык жоюға тең» деп сипаттаған.

«Газаның соңғы қалдықтарын да тартып алуға бағытталған жалғасып жатқан шабуыл тек палестиналықтарды қиратумен шектеліп қалмайды, израильдік тұтқындарға да қауіп төндіреді», - деді ол.

Іздеу
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады