САЯСАТ
3 ... минут оқылды
АҚШ-та федералдық үкіметтің жұмысы тоқтап тұр
Сенат Өкілдер палатасы қабылдаған бюджет жобасын ілгерілете алмағандықтан, федералдық үкімет 20 күн бойы жабық. Демократтар денсаулық сақтау саласындағы қысқартуларды сынға алса, республикашылдар мұны саяси шоу деп бағалауда.
АҚШ-та федералдық үкіметтің жұмысы тоқтап тұр
АҚШ-та федералдық үкіметтің жұмысы тоқтап тұр / Reuters

АҚШ Сенаты федералдық үкіметті қайта ашуға бағытталған уақытша бюджеттік заң жобасын 11-ші рет қабылдамай алмады. Осылайша үкімет 20 күн бойы жабық тұр.

Дүйсенбі күні өткен дауыс беруде 50 сенатор қарсы, 43 сенатор қолдап дауыс берді. Осылайша үкіметті 21 қарашаға дейін қаржыландыруды көздеген Өкілдер палатасынан шыққан заң жобасын талқылауға өту туралы ұсыныс қабылданбады. Жобаны қабылдау үшін қажетті 60 дауыстық межеге жете алмады. Келесі дауыс беруде нәтиженің өзгеруі екіталай.

Республикалық сенатор Рэнд Пол жобаға қарсы дауыс берсе, демократ Кэтрин Кортес Масто мен тәуелсіз сенатор Ангус Кинг республикашыларды қолдады.

Азшылық жетекшісі Чак Шумер Сенаттағы сөзінде республикашылар мен Ақ Үйді келіссөзден бас тартты деп айыптады. Ол миллиондаған америкалықтың денсаулық сақтау саласында қиындық көріп отырғанын атап өтіп, «Трамп әкімшілігінің үкіметті жабуы жаңа аптаға ұласып жатқанда, республикашылар жұмыс істемей, келіссөзден қашып отыр. 20 миллионнан астам қызметкер мен орта таптағы америкалықтың медициналық сақтандыру жарналары жылдам өсуде», - деді.

Сенаттағы көпшілік жетекшісі Джон Тюн болса, үкімет қайта ашылған жағдайда республикашылар демократтардың денсаулық сақтау саласына қатысты алаңдаушылығын талқылауға дайын екенін қайталады. Алайда ол: «Демократтар үкіметті қайта ашпайынша, бұлардың ешқайсысы жүзеге аспайды», - деді. Тюн сондай-ақ: «Біз үкімет қаржыландыруын кепілде ұстауды тоқтатпайынша, ешқандай мәселе бойынша келіссөз жүргізбейміз» - деді.

Өзімшілдік айыптаулары

Таңертең Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Сенаттағы демократтарды «АҚШ Конгресі тарихындағы ең қымбат, ең өзімшіл және ең қауіпті саяси шоу ұйымдастырды» деп айыптап, бюджет заң жобасын қабылдап, үкіметтің жабылуын тоқтатуға шақырды.

Демократтар болса Джонсонның жобаны «таза» деп атауына қарсы шықты. Олар бұл жоба маңызды медициналық қызметтерге берілетін субсидияларды қамтымайтынын айтып, егер бұл субсидиялар қайта қаралмаса, миллиондаған америкалық медициналық сақтандыру жарналарын төлей алмайтынын немесе мүлде сақтандырусыз қалатынын ескертті.

Үкіметтің жабылуы 1 қазан күні мемлекеттік шығын жөніндегі келіссөздер тоқтап қалғаннан кейін басталған болатын. Ел бойынша мыңдаған федералдық қызметкер әлі де ақысыз демалыста немесе жалақысыз жұмыс істеп жатыр және көптеген негізгі қызмет түрлері уақытша тоқтатылған.

Үздіксіз жабылу

Демократтар үкіметті қайта ашуға ұсынылған заң жобасының «таза» деген сипаттамасына қарсы шығып отыр. Олар шешім жобасын қабылдамай тұрып, миллиондаған америкалықтың сақтандыру шығындарының өсуіне немесе сақтандырудан айырылуына жол бермейтін медициналық қызметке арналған субсидияларды қайтарудан бас тартқан республикашыларды айыптады.

Демократтар бұл субсидиялардың қолжетімді медициналық қызметті пайдалануды сақтау үшін қажет екенін және олар енгізілмейінше басқа уақытша шешімді қолдамайтындарын бірнеше ай бұрын ескерткендерін айтты.

Сенат дүйсенбі күні үкіметті қаржыландыру мен оның жабылуын тоқтатуды көздейтін Өкілдер палатасынан мақұлданған заң жобасына  дауыс беру үшін қайта жиналмақ. Осы уақытқа дейін 60 дауыстық межеге қол жеткізілмеді және бұл жолы да нәтиженің өзгеруі екіталай.

Іздеу
БҰҰ: Израильдің балаларды әдейі нысанаға алуы — Газада жалғасып жатқан геноцидтің бір бөлігі
Трамп соғыс өкілеттіктері туралы заң жобасының қабылдануына қатысты пікір білдірді
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
Швейцариядағы Иран-АҚШ келіссөздерінде не шешілді?
Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды
АҚШ пен Иран Швейцариядағы жоғары деңгейлі келіссөздерді аяқтады
Иран: «Ливандағы қақтығысты тоқтату талпыныстары ілгерілеуде»
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға «делдал» ретінде қол қойды
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Израиль министрі Бен-Гвир визадағы қиындықтарға байланысты АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты
Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығына бір күнде 336 миллиард доллар қосылды