ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пәкістанда террористер үш полиция қызметкерін өлтірді
Хангу аймағында жасалған қарулы шабуыл Хайбер-Пахтунхвада күшейіп келе жатқан террорлық зорлық-зомбылық аясында жағдайды ушықтырды. Оқиғадан кейін өңірде кең ауқымды тергеу басталды.
Пәкістанда террористер үш полиция қызметкерін өлтірді
Полиция қызметкерлері Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы жолда күзетте тұр, 2025 жыл, 24 қараша. / Reuters

Полиция бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Пәкістанның солтүстік-батысында түнгі уақытта жаяу әскерге арналған автоматтармен қаруланған бір топ террористің жол бойындағы полиция бекетіне шабуыл жасап, үш полиция қызметкерін өлтіріп қашып кеткенін хабарлады.

Хайбер-Пахтунхваға қарасты Хангу ауданындағы бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерлері қарумен тойтарыс берді.

Хангу аудандық полиция бастығы Хан Зеб шабуылдаушылар арасында өлген немесе жараланғандар туралы ақпарат әзірге белгісіз екенін айтты. Ол тергеу мен қылмыскерлерді іздеу операциясының бейсенбі күні де жалғасқанын жеткізді.

Ішкі істер министрі Мохсин Накви бейсенбі күні Хангуда қаза тапқан қызметкерлердің «ерлігі мен жанқиярлығын» жоғары бағалап, Хайбер-Пахтунхва полициясының содырлармен күрестегі шешуші рөліне назар аударды.

Сонымен қатар оңтүстік-батыстағы Белуджистан провинциясына қарасты Болан ауданында бір үйдің сыртында жарылғыш құрылғының іске қосылуы салдарынан сәрсенбі күні үш бала қаза тапты.

Полиция өкілі Ян Мұхаммад Хоса бейсенбі күні оқиғаға қатысты тергеудің жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды
ЕО-да уақытша қорғаудағы украиналықтар саны 4,41 миллионға жетті
Израильдік шенеунік: «Мекке келісімі Израильге қарсы жасалды»
Ресейдің Украинаға зымыран шабуылдары күшейді
Израиль жаралаған 13 жастағы палестиналық қыз көз жұмды
Ұлыбритания экологиялық таза көлік технологияларын дамытуға 175 миллион доллар бөледі