ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Шабуыл жасағандардың анықталуы талап етілді.
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Гюмюльджине мүфтиі Ибраһим Шериф

Батыс Фракия түрік қоғамының өкілдері Искечедегі Чынар мешітінің сыртқы қабырғасына ислам діні мен қасиетті құндылықтарды қорлайтын сөздердің жазылуына наразылық білдірді.

Гүмүлжине мүфтиятының мәлімдемесінде шабуыл айыпталып, соңғы уақытта Батыс Фракиядағы мұсылман түрік азшылығының діни және мәдени құндылықтарына қатысты жағымсыз пікірлердің көбейгені атап өтілді. Сондай-ақ мұндай әрекеттердің татулыққа нұқсан келтіретіні айтылды.

Искече депутаты Бурхан Баран жазбаша мәлімдемесінде ғибадат орындарын қорлауға жол берілмеуі керек екенін айтты.

Баран шабуыл жасағандардың анықталып, оларға қатысты тиісті шаралардың қолданылуын талап етті.

Искече депутаты Хүсейін Зейбек те бұл әрекетті арандатушылық деп бағалап, жауаптыларды мүмкіндігінше тез анықтауға шақырды.

Түркияның Гүмүлжинедегі бас консулы Айкут Үнал да Чынар мешітіне барып, қандастарға қолдау білдірді.

Искечедегі Чынар мешітінің кіреберіс бөлігіндегі сыртқы қабырғаға 13 қыркүйек жексенбі күні белгісіз біреулер ислам діні мен Аллаға тіл тигізетін сөздер жазған. Оқиға белгілі болғаннан кейін Батыс Фракия түрік азшылығының өкілдері шабуылды айыптап, кінәлілердің табылуын талап етті.

 

Іздеу
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
Израиль Ливанға соққы берді
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда