Украина Экономика және қоршаған орта министрінің орынбасары Александр Краснолуцкий Ресей-Украина соғысы басталған күннен бері 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды бөлінгенін мәлімдеді.
Краснолуцкий Анталияда өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-ші конференциясы (COP31) аясында ұйымдастырылған «Украинаның климаттық ауысуы» панелінде елдің климаттық саясаты, жасыл трансформация үдерістері және соғыс салдарынан болған залалдар жөнінде пікір білдірді.
Ресей-Украина соғысының ең ауыр салдарларының бірі шығарындылардың артуы екенін айтқан Краснолуцкий: «Толық ауқымды басқыншылық басталғаннан бері 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды бөлінді», – деді.
Бұл шығарындылардың 37 пайызы отын, оқ-дәрі және істен шыққан өнеркәсіптік тізбектерден туындағанын атап өткен Краснолуцкий құрғақшылық салдарынан өршіген өрттердің жалпы шығарындылардың 23 пайызын құрағанын жеткізді.






















