САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Иран парламентінің төрағасы Мұхаммед Багер Галибаф АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
Иран АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Иран парламентінің төрағасы Мұхаммед Багер Галибаф (МҰРАҒАТ).

Иран парламентінің төрағасы Мұхаммед Багер Галибаф АҚШ Конгресіне өткен аралық сайлаудың бейресми нәтижелері бойынша демократтардың Сенатта көпшілік орынға ие болуына қатысты: «АҚШ халқы соғысқа «жоқ» деді, біз бұл ұстанымды қолдаймыз», – деп мәлімдеді.

Галибаф “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында АҚШ-тағы аралық сайлаудың бейресми нәтижелері туралы пікір білдірді.

Парламент төрағасы Галибаф былай деді:

«Егер АҚШ үкіметі халықаралық ықпалды күштер мен бопсалаушылардың мүддесіне қызмет ету үшін өз халқының еркін елемейтін болса, Иранның «жоқ» деген жауабы олар үшін нағыз қорқынышты түске айналатынын түсінеді.

Бұл ар-ождан мәселесі ме, әлде шығын мәселесі ме? АҚШ халқы соғысқа «жоқ» деді, біз бұл ұстанымды қолдаймыз».

АҚШ президенті Дональд Трамп та елінде өткен аралық сайлауда республикашылдардың жеңіліске ұшырауына Иранға қарсы жалғасып жатқан соғыс ішінара себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Республикашылдар Сенаттағы басымдықты жоғалтып, Өкілдер палатасында демократтардан кейін қалған соң, президент Трамп “ The Wall Street Journal” газетіне сұхбат берді.

Республикашылдардың сайлаудағы қолдаудан айырылуына Иранға қарсы жүргізіліп жатқан соғыс себеп болды ма деген сұраққа Трамп: «Иран да бұған әсер еткен факторлардың бірі болды», – деп жауап берді.

Трамп Иранға қарсы соғысқа қатысты еш күмәні жоқ екенін атап өтіп, «Мен дұрыс шешім қабылдадым. Осындай жағдай қайталанса, тағы да дәл солай істер едім», – деді.

АҚШ Конгресіне өткен аралық сайлаудың бейресми нәтижесі бойынша демократтар Сенат пен Өкілдер палатасында басымдыққа ие болды.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті