ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Көптеген ел көшбасшылары даму стратегияларын айқындау, инвестицияны арттыру және қаржы инфрақұрылымын нығайту мақсатында Стамбулда бас қосып жатқан кезде, Түркия исламдық қаржы саласындағы бастамаларын жеделдетуде.
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды

Стамбул исламдық қаржы мәселелеріне арналған маңызды халықаралық жиынды ұйымдастыруда. Басқосуға саясаткерлер, инвесторлар мен ғалымдар қатысып, саланың жаһандық ауқымын кеңейту және Түркияның бұл бағыттағы рөлін күшейту мәселелерін талқылады.

Түркия президентінің қолдауымен және «Albaraka» саммиті аясында ұйымдастырылған 3-ші Жаһандық ислам экономикасы саммиті Стамбул қаржы орталығының «Halkbank» кеңсесінде өтіп жатыр.

Саммиттің екінші күнінде сөз сөйлеген Салим Арда Ермут Стамбулдың ұзақ мерзімді қаржылық трансформация үшін стратегиялық орталық екенін атап өтті. Ол қазіргі таңда шамамен 20 мың адам жұмыс істейтін әрі маңызды мекемелер шоғырланған Стамбул қаржы орталығының қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Стамбул қаржы орталығының әлеуеті артып келеді

Салим Арда Ермут инвестициялық рәсімдерді жеңілдету және халықаралық капиталды тарту мақсатында құрылған «Бір терезе» секілді жаңа қызметтерге назар аударды.

Саммитке қатысқан ресми тұлғалар исламдық қаржының қысқа мерзімді алыпсатарлыққа емес, өндірістік инвестицияларға, кәсіпкерлікке және қоғамдық әл-ауқатты арттыруға негізделген балама модель ұсынатынын жеткізді.

Түркия Президенті жанындағы Инвестициялар және қаржы басқармасының төрағасы Ахмет Бурак Даглыоглу Түркияның исламдық қаржы құралдарын жаһандық нарықпен ықпалдастыру мақсатында Парсы шығанағы елдерімен, Ұлыбритания, Малайзия және Индонезиямен ынтымақтастығын кеңейтіп жатқанын мәлімдеді.

Даглыоглуның айтуынша, сукук шығарылымын кеңейту, исламдық қаржы құралдарына қолжетімділікті арттыру және арнайы жұмыс тобы арқылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы сауда көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Ол сондай-ақ Түркиядағы жеке инвестициялық қорларды қолдауға арналған жаңа ынталандыру тетігі әзірленіп жатқанын және даму банктері мен капитал нарығын байланыстыратын цифрлық деректер платформасын құру жоспарланып отырғанын айтты.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, саммиттің мақсаты  ̶  Түркияны исламдық қаржы саласындағы инновациялар мен инвестициялардың жетекші жаһандық орталықтарының біріне айналдыру.

Іздеу
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады