ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Кореяның қорғаныс алыбы қауіпсіздік саласындағы серіктестігін кеңейтуде
«Hanwha Aerospace» компаниясы Норвегия Қарулы Күштеріне 16 «Chunmoo» көп мақсатты зымыран жүйелерін жеткізеді.
Оңтүстік Кореяның қорғаныс алыбы қауіпсіздік саласындағы серіктестігін кеңейтуде
Оңтүстік Кореяның қорғаныс алыбы қауіпсіздік саласындағы серіктестігін кеңейтуде / Reuters

Оңтүстік Кореяның қорғаныс алпауыты «Hanwha Aerospace Co.» өткен апта Норвегияға ұзақ қашықтыққа арналған көпұңғылы зымыран жүйелерін жеткізу жөніндегі келісімге қол жеткізгеннен кейін, дүйсенбі күні Солтүстік Еуропа елдерімен ұзақ мерзімді қауіпсіздік серіктесі ретінде рөлін кеңейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Yonhap» агенттігінің хабарлауынша, компания президенті, әрі бас директоры Сон Джэ Иль Норвегияның «Hanwha Aerospace» компаниясының «Chunmoo» көпұңғылы зымыран жүйесін таңдауы бұған дейін жеткізілген «K9» өздігінен жүретін гаубицалар арқылы қалыптасқан сенімнің көрінісі екенін айтты.

Сон: «Норвегиямен тығыз ынтымақтастық арқылы Солтүстік Еуропа елдерінің қауіпсіздігіне үлес қосуға және стратегиялық қауіпсіздік серіктесі ретінде рөлімізді одан әрі нығайтуға бел будық», - деді.

Норвегия Қорғаныс материалдары агенттігімен жасалған келісім аясында «Hanwha Aerospace» Норвегия Қарулы Күштеріне 16 дана «Chunmoo» қондырғысын, басқарылатын зымырандар пакетін жеткізіп,  интеграцияланған логистикалық қолдауды жалғастырады.

Шамамен 2 млрд АҚШ долларына бағаланған бұл келісім 2017 жылдан бері Норвегия армиясының 52 «K9 Vidar» өздігінен жүретін гаубицасын және 14 «K10» оқ-дәрі жеткізу көлігін сатып алғаннан кейін жасалды. Бұл «Hanwha Aerospace» пен Норвегия армиясы арасындағы он жылға таяған ынтымақтастықтың жалғасы.

ҚатыстыTRT Қазақ - Оңтүстік Корея Польшаға 180 дана танк экспорттау үшін 6 миллиард долларлық келісім жасайды

Компания сондай-ақ бірлесіп әзірлеу мен жергілікті сынақтар арқылы Норвегия өнеркәсібімен ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр.

Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты