ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Президентке тағзым
Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе "Пепе" Мухикамен қоштасуға 100 000 адам жиналды.
Президентке тағзым
/ Reuters

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва Уругвайдың аңызға айналған бұрынғы президенті Хосе "Пепе" Мухикамен қоштасуға келген ондаған мың уругвайлыққа қосылды.

Қатерлі ісікке байланысты 89 жасында қайтыс болған Мухиканың денесі екі күн бойы халыққа ашық тұрды.  Шамамен 100 000 адам қарапайымдылығымен танымал бұл бұрынғы көшбасшыға тағзым етті.

Сезімдеріне ерік берген ел азаматтары 1973-1985 жылдардағы диктатура кезінде түрмеге жабылған, бірақ кейін солшылдардың сайлау арқылы билікке келуіне көмектескен бұрынғы солшыл басшының табытының жанынан өту үшін кезекке тұрды.

Кейбір қара жамылғандар гүл ұстаса, кейбірі иықтарына оның партиясының туын жамылды.

Мухика Монтевидео маңындағы ауылдағы фермасында, өзі сияқты бұрынғы қарулы күрескер, 80 жастағы жары Люсия Тополанскийдің жанында дүниеге көз жұмды.

Оған бір жыл бұрын өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылып, ауру кейін бауырына тараған болатын.

2000 жылдардың басында Латын Америкасы саясатында "қызғылт толқын" тудырған солшыл жетекшілер буынының өкілі  Лула Мухиканы "дүниені өзгертуге тырысқан ерекше адам" деп мадақтады.

Мухиканың саяси мұрагері, Уругвай президенті Яманду Орси мен Чилидің солшыл президенті Габриэль Борич те жерлеу рәсіміне қатысты. Рәсім «Дон Хосеге» атты азаттық маршымен аяқталды.

Қоштасу рәсімінен кейін халық Мухиканың денесінің сарайдан кремацияға дейінгі сапарын тамашалау үшін көшеге ағылды.

Оның күлі фермасында сақталады.

‘Азбен бақытты болу’

2010–2015 жылдар аралығындағы президенттік кезінде жалақысының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсап, «Volkswagen Beetle» көлігімен жүріп, әйелі және үш аяқты итімен қарапайым өмір сүруін жалғастырған "әлемдегі ең кедей президент" атанған бұл ашық сөзді белсенді және фермер көптеген адамға шабыт берді.

"Ол бізге көп нәрсе үйретті — азбен бақытты болуды, сырт көрініс үшін өмір сүрмеуді үйретті," — дейді оны еске алушылар.

 

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты