ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Хакан Фидан Владимир Путинмен кездесті
Ресей президенті Владимир Путин Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуі барысында Түркиямен байланыстардың тұрақты түрде нығайып, жаңа бағыттармен толыққанын айтты.
Хакан Фидан Владимир Путинмен кездесті
Ресей президенті Владимир Путин Қазан қаласында Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесті / Reuters

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресейге жасаған ресми сапары аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Түркияның дипломатиялық дереккөздерінің мәліметінше, Путин Фиданды Ресейдің Қазан қаласында қабылдаған.

Кремль кездесудің кіріспе сөзін жариялады. Онда Путин Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынастардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өткен.

Кездесуге сондай-ақ Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаков қатысты.

Путин екі ел арасындағы байланыстардың әлдеқашан ресми сипаттан асып, шынайы достыққа негізделген әрі жаңа мазмұнмен толығып, үнемі дамып келе жатқан қарым-қатынасқа айналғанын айтты.

Кремль Ердоғанның рөлін жоғары бағалады

Путиннің айтуынша, бұл жағдайдың жүзеге асуына көп жағдайда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұстанымы ықпал еткен. Ол Хакан Фиданнан Ердоғанға өзінің ізгі тілектерін жеткізіп, оны Ресейде әрдайым көруге қуанышты екенін айтуды сұрады.

Путин: «Бүгінгі іс-шара аясында сізбен кездесіп, екі ел үшін де маңызды өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын», – деді.

Ал Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Путинге президент Ердоғанның сәлемін жеткізіп: «Өңірімізде де, әлемде де аса маңызды оқиғалар болып жатыр. Кейбір мәселелер бойынша сіздің көзқарасыңыз маңызды. Талқылайтын мәселе көп. Әріптестерімізбен екі күн бойы өте қарқынды кездесулер өткізіп, көптеген мәселе жөнінде жан-жақты пікір алмастық», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресейде

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды