САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Кубаға қатысты саясатты қайта қарау туралы бұйрық берді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Кубаға қатысты қазіргі саясатты қайта қарау және қатаң шаралар қабылдау үшін жоғары лауазымды министрлерге тапсырма берді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Кубаға қатысты саясатты қайта қарау туралы бұйрық берді
/ AP

Дүйсенбі күні жарияланған меморандумда Трамп кабинетінен санкцияларды қайта қарап, әсіресе Куба үкіметі, армиясы және барлау қызметтеріне пайда әкелетін секторларды нысанаға алатын қатаң ұсыныстар әзірлеуді талап етіп, 30 күндік мерзім берді.

Бұйрық Кубаның оппозицияға қатысты ұстанымын қайта қарауды, сондай-ақ "Куба халқының есебінен Куба үкіметіне шектен тыс пайда әкелетін" қаржылық операцияларға шектеу қоюды көздейді.

Ықтимал өзгерістер қатарында аралға туристік сапарларды тоқтату және оқу мақсатындағы сапарларды тек АҚШ азаматтарының ұйымдастыруымен және басшылығымен жүзеге асырылатын топтармен шектеу де қарастырылуда.

Аталған саяси өзгеріс Дональд Трамптың бұрынғы президенттер Барак Обама мен Джо Байден әкімшіліктері кезінде басталған Гаванаға қатысты дипломатиялық және экономикалық жақындасу процесін кері бұруға бағытталған мәлімдемелерімен сәйкес келеді.

Байден қызметіндегі соңғы әрекеттерінің бірі ретінде Кубаны АҚШ-тың терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен алып тастаған болатын.

Экономикалық эмбарго мен сапар шектеулері

Ақ Үй таратқан ақпаратқа сәйкес, Трамптың меморандумында АҚШ-тың Кубаға қарсы экономикалық эмбаргосын жалғастыру қолдау тапқан, ал бұл эмбаргоны алып тастауға қатысты БҰҰ секілді халықаралық ұйымдардың шақырулары қабылданбаған.

Трамп әкімшілігі Кубаға қатысты ауқымды қадам басты. Бұлардың қатарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио «мәжбүрлі еңбек» деп атаған Кубаның шетелдегі медициналық миссияларына қатысы бар кубалық және шетелдік ресми тұлғаларға виза шектеулерін енгізу де бар.

Сонымен қатар АҚШ-та тұратын шамамен 300 мың кубалық азаматқа берілген уақытша қорғаныс мәртебесі жойылып, депортациядан қорғау кепілдіктері де алынып тасталды.

Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Фернандес де Коссио «Associated Press агенттігіне жақын арада берген сұхбатында АҚШ-тың Куба медициналық бағдарламаларының беделін түсіруге және кубалық мигранттарды қабылдауға бағытталған күш-жігерді кері айналдыруға тырысқанын айтып, Вашингтонның бұл ұстанымын сынға алды.

1959 жылғы революцияға дейін отбасымен Кубадан кеткен Рубио ұзақ жылдар бойы Гаванаға қарсы қатаң шараларды қолдап келеді. Ол Куба үкіметінің авторитарлық басқаруы мен адам құқықтарын бұзуын бұл шараларға негіз етіп көрсетуде.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды