ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Ахмед Шараны қолдайтынын айтты
Президент Ердоған Сирияның қалпына келуі Түркия үшін пайдалы болатынын айтып, «Ахмед Шараны жалғыз қалдырмаймыз»,- деді.
Президент Ердоған Ахмед Шараны қолдайтынын айтты
/ AA

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядағы әріптесі Ахмед Шараға қолдау білдіріп, «Шараны жалғыз қалдырмаймыз», - деді. Сирияның бөлшектенуіне қарсы шыққан Ердоған соғыстан зардап шеккен бұл елдің қалпына келуі Түркия үшін пайдалы болатынын атап өтті.

Ердоған жексенбі күні кешке Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан қайтар жолда журналистерге: «Бір араға келе алмайтын актерлер Сирия мәселесіне келгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жатқанда, Израильдің тұрақтылық жобасын қалай бұзып жатқанын әлемге көрсету керек»,- деді.

Анкара 2024 жылы желтоқсанда Асад режимі құлағаннан кейін билікке келген президент Ахмед Шара бастаған өтпелі кезеңді қолдайды.

Президент Ердоған Сирияның Сувейда қаласында атысты тоқтату туралы мәлімдемесінде аймақтағы бәдеуин тайпалары мен дүрзілер арасындағы соңғы қақтығыстардан кейін, Израильдің араласуына қарамастан Ахмед Шараның табанды ұстанымда екенін және шегініс жасамағанын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Израиль аймақта тұрақтылық болғанын қаламайды. Сирия оған жақсылық әкелмейді деп ойлайды және арандатушылықтарын жалғастыруда», - деді президент Ердоған.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мәселесіне байланысты Оңтүстік Кипрге бару жоспарының жоқтығын атап өткен Ердоған: «Олардың Солтүстік Кипр Түрік Республикасын мемлекет ретінде қабылдамағаны сияқты, біз де Оңтүстік Кипрді мемлекет ретінде қабылдамаймыз»,- деді.

Ол Кипр мәселесінің кілті екі мемлекетті шешімде екенін қайталап, бұл ұстанымның өзгермейтінін баса айтты.

Президент сондай-ақ Ұлыбритания мен Германияның Түркияға «Eurofighter» ұшақтарын сатуға оң көзқараста екенін мәлімдеді.

Еуропалық Одақтың Түркияның одаққа мүше болу келіссөзін жандандыру үшін бір күн де күтпеу керектігін атап өтті.

Израильдің Газадағы қырғын соғысына қатысты Газа халқының берілмейтініне сенім білдірген Ердоған: «Израиль есі ауысқан құбыжық сияқты барлық жерге шабуыл жасауда және Алла қаласа осы әрекетінің құрбаны болады», - деді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті