ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Украина: «Воронеждегі зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа соққы жасадық»
Украина күштері Ресейдің Воронеж қаласында зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа зымыранмен соққы жасалғанын хабарлады.
Украина: «Воронеждегі зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа соққы жасадық»
Украина: «Воронеждегі зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа шабуылдадық»

Украина күштері жасаған жазбаша мәлімдемеде Воронеждегі зауытқа жоғары дәлдіктегі қанатты зымырандармен соққы жасалғаны хабарланды.

Мәлімдемеде бұл кәсіпорында баллистикалық және қанатты зымырандарға, сондай-ақ әуе қорғанысы жүйелеріне арналған түрлі бөлшектер шығарылатыны айтылып, «Бұл кәсіпорын Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенінің аса маңызды нысандарының бірі» деп бағаланды.

Сондай-ақ Ресей күштері осы зауытта өндірілген электрондық компоненттері бар зымырандарды Украинаға қарсы әуе шабуылдарында пайдаланған.

Ресей: «Украинаның зымыран шабуылдарынан Воронеж қаласында 3 адам жарақат алды»

Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев әлеуметтік желідегі парақшасында Украинаға тиесілі жоғары жылдамдықпен ұшқан бірнеше әуе нысанының жойылғанын, салдарынан 3 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.  

Гусевтің айтуынша, шабуыл салдарынан Воронеждегі бір өндірістік кәсіпорын мен бірнеше көпқабатты тұрғын үй зақымданған.

Кейбір әлеуметтік желілер бұл шабуылдың Ұлыбританияда жасалған «Storm Shadow» қанатты зымырандарымен жүзеге асырылғанын хабарлады.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?