ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
"Олар жазықсыз жандарды нысынаға алады": Израильдің соққысы жүкті ана мен сәбиінің өмірін қиды
Израильдің Газаға кенеттен басталған әуе шабуылдары салдарынан 400-ден астам палестиналық қаза тапты, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.
"Олар жазықсыз жандарды нысынаға алады": Израильдің соққысы жүкті ана мен сәбиінің өмірін қиды
/ AFP

Газалық Афнан әл-Ғаннам алғашқы баласын 13 ай бұрын соғыс кезінде өз үйінде дүниеге әкелген болатын.

Көктем айларында ол тағы да ана атануды күтіп жүрді, бірақ бұл жолы босқындар лагеріндегі палаткада денсаулыққа зиянды жағдайда. Соған қарамастан әлсіз болса да, аумақта уақытша бітім келісімі жасалып, салыстырмалы түрде тыныштық орнаған еді.

Алайда сейсенбі күні Израильдің әуе соққысы олардың шатырын талқандады. Жеті айлық жүкті әл-Ғаннам мен кішкентай ұлы Мұхаммед көз жұмды.

Әл-Ғаннамның күйеуі Алаа Ебу Хеләл кішкентай Мұхаммедтің кебінге оралған денесін Хан Юнустағы Нассер ауруханасының мәйітханасында ұстап тұрып, “Міне олардың көздегендері осы’ деді. ‘Ол соғыс кезінде дүниеге келді, соғыста шейіт болды”- деді.

Ебу Хеләл көз жасына ие бола алмай "Олар тек жазықсыз адамдарды, өмірден ештеңе көріп үлгермеген бейкүнә жандарды нысанаға алады" деп сөзін жалғастырды.

Израильдің әуе шабуылдары қаңтар ортасында басталған бітімді бұзып, 15 айға созылған бомбалау, құрлық шабуылдары, қоныс аудару және аштықтан кейін өмірге қайта оралуға тырысқан палестиналықтарды есеңгіретті.

Ебу Хелал шабуыл кезінде Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы үйлерін тексеруге кеткенін айтты. Осы кезде отбасының Хан Юнус маңындағы Муаси лагерінде босқындарға арналған алып шатырлы қалада тұрған орнына әуе соққысы жасалды.

20 жастағы әл-Ғаннам мен Мұхаммед Муасиде қалған еді. "Олар мені жалғыз қалдырып кетті," – деді Ебу Хелал. "Ішімдегі балам да қаза тапты."

Мұхаммед Рафахта дүниеге келген. Алайда көп ұзамай мамыр айында Израиль әскері қаланы эвакуациялауға бұйрық беріп, шабуыл бастаған соң отбасы қашуға мәжбүр болды. Израиль күштері мен ХАМАС жасақтары арасындағы шайқастар қаланы күлге айналдырды.

"Сен соғыс кезінде отбасың мен балаларыңды қорғау үшін қашасың. Бірақ міне, ол мерт болды," – деді Ебу Хелал.

"Олардың бәрі мерт болды."

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді