Президент Дональд Трамп Ақ Үйде өткен баспасөз мәслихатында сұрақтарға жауап берді.
АҚШ президенті: «Қазіргі уақытта Иранға қарсы әскери операция жүргізу аса қажет емес сияқты. Алайда біз кез келген жағдайға дайынбыз», – деді.
28 ақпанда Иранмен басталған соғыстың аяқталуға жақындағанын атап өткен Трамп: «Біз бұл қақтығыстың аяқталуына қарай ілгерілеу байқап отырмыз. Менің ойымша, ол жақын арада аяқталады», – деді.
Израиль мен Таяу Шығыстың «Иран қаупінен» қорғалғанын және Иранның ядролық қаруға ие бола алмайтынын айтқан АҚШ президенті Иранмен келіссөздердің жақсы жүріп жатқанын және бұл үдерістің жақын арада аяқталатынына үміттенетінін білдірді.
Сонымен қатар Трамп «Мен ештеңеге кепілдік бере алмаймын. Алайда қайта оралуымыз қажет болса, біз бәріне дайынбыз. Егер мәжбүр болсақ, бұл мәселеге өте байыппен қараймыз. Біз толықтай дайынбыз. Тағы бір жаңа ұшақ тасығыш кемеміз бар. Олардың барлығы жаңа әрі керемет жабдықтармен лық толтырылған. Оларды пайдалануға тура келмейді деп үміттенемін», – деп қосты.
АҚШ-тың Иранмен келісімге келе алатынына әлі де үміттенетінін айтқан Трамп Тегеранмен осы бағыттағы келіссөздердің оң сипатта жалғасып жатқанын тағы бір мәрте атап өтті.


























