САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңде қытайлық әріптесімен кездесті
Аббас Аракчи Бейжіңде қытайлық әріптесі Вангпен кездесіп, агрессияны халықаралық құқыққа қайшы деп санайтындарын және тек әділ, әрі жан-жақты келісімді қабылдайтындарын атап өтті.
Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңде қытайлық әріптесімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңде қытайлық әріптесімен кездесті / AP

АНКАРА/БЕЙЖІҢ (АА) – Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Бейжіңде қытайлық әріптесі Ван Имен кездесті.

Иранның «ISNA» жартылай ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сыртқы істер министрі Аракчи түрлі елдермен дипломатиялық кеңесулерді жалғастыру аясында Қытайға барып, астана Бейжіңде әріптесі Ванмен келіссөз жүргізді.

Екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық және жаһандық өзгерістер талқыланған кездесуде Аракчи Қытайдың АҚШ-Израиль агрессиясына қарсы ұстанымын құптайтындарын білдірді.

Қытайды Иранның жақын досы деп атаған Аракчи қазіргі жағдайда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетінін атап өтті.

АҚШ-пен соғысты тоқтату үшін аралық тұлғалар арқылы жалғасып жатқан хабарлама алмасуға қатысты Аракчи мыналарды атап өтті: «Біз тек әділ, әрі жан-жақты келісімді ғана қабылдаймыз. Бізге қарсы басталған соғыс — ашық агрессиялық әрекет және халықаралық құқықты бұзу болып табылады. Келіссөздерде заңды құқықтарымыз бен мүдделерімізді қорғау үшін бар күшімізді саламыз».

Қытай Сыртқы істер министрі Ван болса АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан соғысын заңсыз, әрі құқыққа қайшы деп атап, соғысты тоқтататын толыққанды бітімді қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

“ISNA” агенттігінің мәліметінше, Ван былай деді: «Шиеленісті азайту бағытындағы күш-жігерімізді жалғастыруға дайынбыз. Атысты тоқтату режимін толықтай орнату қажет, әрі бұл — айналып өтуге болмайтын шарт. Аймақ маңызды бетбұрыс кезеңін бастан өткеруде, сондықтан екі тарап арасында тікелей келіссөздер жүргізілуі шарт».

Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді