ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей шетелдік әскерлердің Украинаға орналастырылуын қабылдамады
Мәскеу Киевпен жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысты үмітті азайтып, бейбіт келіссөздердің негізі ретінде 2022 жылы қабылданған Стамбул келісімін меңзеді.
Ресей шетелдік әскерлердің Украинаға орналастырылуын қабылдамады
Песковтың айтуынша, Украина үшін барлық қауіпсіздік кепілдіктері 2022 жылы Стамбулда өткен бейбітшілік келіссөзінде қарастырылған. (Фото: Reuters) / Reuters
5 Қыркүйек 2025

Жұма күні Кремль тарапынан жасалған мәлімдемеде, шетелдік әскери күштердің Украинаға қауіпсіздік кепілдігін бере алмайтыны және Мәскеу мен Киев арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған кез келген жоғары деңгейдегі келіссөз алдында әлі де маңызды дайындық жұмыстары қажет екені айтылды.

Бұл мәлімдеме соғыстан кейін Украинаға халықаралық күштердің құрлықта, теңізде және әуеде операция жүргізу мүмкіндігін қамтитын қауіпсіздік кепілдігін беруді 26 елдің уәде етуінен бір күн өткен соң жасалды.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында мемлекеттік «РИА» агенттігіне берген сұхбатында: «Украинаның қауіпсіздік кепілдіктері шетелдік, әсіресе еуропалық және америкалық әскери күштер арқылы қамтамасыз етіле ме? Әрине, жоқ,» - деді. Песков сондай-ақ: «Бұл еліміз құптайтын Украина қауіпсіздігінің кепілі ретінде қызмет ете алмайды» -  деп қосты.

Соғысты тоқтатуға бағытталған қауіпсіздік шаралары

АҚШ президенті Дональд Трамптың шешім жолындағы талпыныстарына қарамастан, Ресейдің 2022 жылдың  ақпан айындағы шабуылынан кейін үшінші жылына аяқ басқан соғыстың аяқталуы қиындау сияқты.

Песковтың айтуынша, Украинаға қажетті барлық қауіпсіздік кепілдіктері 2022 жылы Стамбулда өткен бейбіт келіссөздер аясында-ақ ұсынылған. Аталған ұсынысқа сәйкес, Украина НАТО-ға мүше болу мақсатын тоқтатып, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франциядан қауіпсіздік кепілдіктері есебінде бейтарап әрі ядросыз мәртебе қабылдауы тиіс еді.

Сондай-ақ Песков Мәскеудің Киевпен жүргізіліп жатқан келіссөздердегі өкілдік деңгейіне қанағаттанатынын айтты.

Оның сөзінше: «Жоғары деңгейде немесе ең жоғарғы деңгейде кездесу өткізуден бұрын кейбір мәселелер мен техникалық жайттарды шешу үшін ауқымды жұмыс атқару қажет. Мұның барлығы шешім процесін құрайды», – деді.

Солтүстіккореялық жауынгерлер

Песков Солтүстік Кореяның қатысуына қатысты алыпқашпа әңгімелерге де тоқталып, солтүстіккореялық әскерлердің Украинада емес, тек Ресей аумағында орналасқанын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Солтүстік Корея әскерлерінің Украина күштеріне қарсы көрсеткен ерлігі үшін Ким Чен Ынға алғыс айтқан болатын.

Путин Қытайдағы кездесу барысында Кимге: «Сіздің бастамаңызбен арнайы жасақтарыңыз Курск өңірін азат етуге қатысты. Сарбаздарыңыз батыл әрі қаһармандықпен шайқасты», - деді.

Солтүстік Корея бөлімшелері осы жылдың басында Украина күштерін Ресейдің батысындағы Курск аймағынан ығыстыруға көмектескен болатын.

 

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды