САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Италия: «Түркия – Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес»
Италияның Түркиядағы елшісі Джузеппе Манцо НАТО, аймақтық тұрақтылық және халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттар екенін атап өтіп, Италия мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 170 жыл толғанына назар аударды.
Италия: «Түркия – Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес»
Италияның Түркиядағы елшісі Джузеппе Манцо

Италияның Түркиядағы елшісі Джузеппе Манцо Анадолы агенттігіне берген арнайы сұхбатында Италия Түркияны Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел аймақтық тұрақтылықты нығайту, НАТО аясындағы ынтымақтастықты дамыту және халықаралық бастамаларды жүзеге асыру бағытында байланыстарды одан әрі кеңейтуге ұмтылып отыр.

«Түркияның біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқаратынына кәміл сенеміз», – деген Манцо екі елдің де НАТО құрамындағы Еуропа елдерінің рөлін күшейтуді қолдайтынын атап өтті.

Елшінің айтуынша, НАТО саммиті, «4+4» форматындағы кездесу және «COP31» климат конференциясы саяси ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол НАТО-ның шығыс және оңтүстік бағыттарындағы қауіп-қатерлерге қатысты екі елдің де ортақ алаңдаушылығы бар екенін жеткізді.

«Біз туындаған мәселелер мен қауіптерге жаңа шешімдер табуымыз керек», – деді Манцо.

Ол Италия мен Түркияның бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге мүмкіндіктері мол екенін атап өтті.

Сауда, мәдени байланыстар және халықаралық ынтымақтастық

Джузеппе Манцо Италияның Жерорта теңізі аймағында, ал Түркияның Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуы аймақтық және халықаралық сын-қатерлерге қарсы жаңа шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 170 жыл толғанына тоқталған Манцо Италия мен Түркия арасындағы тарихи байланыстардың маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Италия – Түркияның Жерорта теңізі аймағындағы ең ірі, ал Еуропадағы екінші ірі сауда серіктесі.

Елші білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа да назар аударды. Ол Италияда білім алып жатқан шетелдік студенттер арасында түркиялық жастар саны жағынан екінші орында тұрғанын мәлімдеді. Сонымен қатар италиялық ғалымдар мен түрік археологтары 15 түрлі жоба аясында бірлесіп жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Манцо Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін ашық әрі демократиялық құрылымға айналдыру үшін реформа жүргізу қажет екенін айтты. Осы орайда ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзіне сыйға тартқан, мұқабасында «Әлем бестен үлкен» деген жазуы бар кітапты еске алды.

Сондай-ақ елші ғарышты зерттеу саласындағы ынтымақтастыққа тоқталды. Атап айтқанда бірлескен жерсерік жобаларын және Түркияның тұңғыш ғарышкерінің италиялық ғарышкерлермен бірге ғарышқа ұшуын екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың маңызды мысалдары ретінде атап өтті.

«Өзімді туған жерімде жүргендей сезіндім»

Манцо түрік халқының қонақжайлығын жоғары бағалап, Түркияның алғашқы күннен-ақ жылы қарсы алғанын айтты.

«Өзімді туған жерімде жүргендей сезіндім», – деген елші Италияның Неаполь қаласынан шыққанын және Жерорта теңізі мәдениетіне жақын болуы түрік мәдениетімен тез үйренісуіне көмектескенін атап өтті.

Анкараны өз үйіндей көретінін айтқан Манцо Стамбул мен Италия арасындағы тарихи байланыстардың маңыздылығына да тоқталды.

Сөзінің соңында елші түрік халқын Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

 

Іздеу
Трамп сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы хабарлағандарға 1 миллион доллар сыйақы берілетінін айтты
Сауд Арабиясына бағытталған 3 зымыран мен 4 ұшқышсыз ұшу аппараты жойылды
Ресей Украинаның Херсон бағытында уақытша атысты тоқтату режимін енгізді
Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдері Иранға барады
Тегеранда төрт елдің жоғары лауазымды өкілдері кездеседі
Кремль: «Украинамен келіссөздер қарашада Әбу-Дабиде өтеді деп жоспарланып отыр»
Ильхам Әлиев Үндістан Сыртқы істер министрін қабылдады
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға 960 мың мина орнатқан деген ақпарат тарады
Францияда наразылық шерулеріне шектеу қойылады
Болгарияда 25 қазанда президент пен вице-президент сайлауы өтеді
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді
Президент Трамп алдағы уақытта Иранға қатысты  маңызды өзгеріс болатынын айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”