САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
«Израильдің Газадағы геноцидіне және Иранға шабуылдауына берген қолдауыңыз барлық моральдық үстемдігіңізді жойды» деді ол.
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи «адам құқықтары» сылтауымен еліне қарсы мәлімдеме жариялаған Францияға «Израильдің Газадағы геноцидіне және Иранға шабуылдауына берген қолдауыңыз барлық моральдық үстемдікті жойды», — деген сөздермен жауап қайтарды.

Аббас Аракчи әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған хабарламасында Францияның Ирандағы шерушілерді өлім жазасына кесуге қатысты сынына жауап берді.

Францияның Израильдің Газадағы геноциді алдындағы ұстанымын еске салған Аракчи: «Франция сияқты елдер әлемге адам құқықтары мен халықаралық құқық туралы уағыз айтуды тоқтатуы керек. Екіжүзділік ұят жағдай», — деген баға берді.

Аракчи өз хабарламасында: «Израильдің Газадағы геноцидіне және Иранға шабуылдарына берген қолдауыңыз өзіңізге тағайындаған кез келген моральдық үстемдікті жойды», — деген сөздерді қолданды.

Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро кеше жасаған мәлімдемесінде Еуропалық Одақ пен 26 елдің Иранда «шерушілердің өлім жазасына кесілуін және негізсіз қамауға алынуын» бірлескен мәлімдемемен айыптағанын хабарлаған болатын.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды