ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Болгария президенті үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Президент Румен Радев бірнеше жылдан бері үкіметті сыбайлас жемқорлықпен айыптап келеді.
Болгария президенті үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Болгария президенті үкіметтің отставкаға кетуін талап етті / AP

Болгария президенті Румен Радев премьер-министр Росен Желязковтың үкіметі жаппай наразылықтардан кейін отставкаға кетуі керек екенін айтты. Наразылықтар 2026 жылғы бюджетке қатысты жоспарланған салық өсімдері мен шығындардың ұлғаюына қарсы бағытталған еді.

Үкімет ел көлеміндегі демонстрациялардан кейін сейсенбі күні бюджетті кері алған болатын. Бұл бюджет - Болгарияның 1 қаңтарда ЕО-ның ортақ валютасы еуроға өтпес бұрын әзірленген алғашқы бюджеті.

Бюджеттік дағдарыс - соңғы төрт жылда жеті сайлау өткізген осы елдегі саяси тұрақсыздықтың жаңа белгісі. Соңғы сайлау 2024 жылғы қазанда өткен, алайда айлар бойы жүргізілген келіссөздерден кейін кабинет тек қаңтар айында ғана мақұлданған еді.

«Болгария құқық үстемдігі мен мемлекеттік институттардың қайта жұмыс істеуіне жол ашатын шынайы өзгерістерге мұқтаж. Қазіргі коалиция мұны қамтамасыз ете алмайды», – деді Радев сейсенбі кешінде мемлекеттік телеарна “BNT-дегі” халыққа үндеуінде. Ол үкіметке қарсы өткен наразылықтардың халықтың үмітін ақтамағанын көрсеткенін және оның тез арада отставкаға кетуі керектігін айтты.

«Мерзімінен бұрын сайлау өткізу– жалғыз жол», – деді ол.

Жемқорлыққа қатысты айыптаулар

ЕО-ның ең кедей және жемқорлық деңгейі ең жоғары елдерінің бірі болып саналатын Болгария шіріген инфрақұрылымын жаңарту үшін ЕО қаржысын жылдам игеру мақсатында саяси тұрақтылыққа мұқтаж.

Тәуелсіз кандидат ретінде екінші президенттік мерзімін атқарып отырған, алайда өкілеттігі шектеулі Радев бірнеше жылдан бері “GERB” партиясы басқарған үкіметті жемқорлықпен айыптап келеді.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты