СПОРТ
2 ... минут оқылды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Трабзонспор» клубы мысырлық шабуылшымен трансферлік келіссөздердің жүріп жатқанын растады.
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Мұхаммед Салах Түркияда. 2026 жылы 5 тамыз. / Reuters

«Трабзонспор» клубы мысырлық шабуылшымен трансферлік келіссөздердің жүріп жатқанын растады. Ал Мұхаммед Салах клуб жанкүйерлеріне: «Жақында кездесеміз», – деген үндеу жолдады.

Клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 34 жастағы шабуылшының ұшақ ішінде клубтың күрең-көк түсті №61 жейдесін киіп отырған сәті бейнеленген видеоны жариялады.

«61» – Трабзон қаласының көлік нөмірі және қала мен футбол клубының кеңінен танылған символы.

Видеода Салах: «Трабзон, дайынсыңдар ма? Дауыстарыңды естіп тұрмын. Жақында кездесеміз. Біз үшін әр жер – Трабзон», – деді.

«Біз үшін әр жер – Трабзон» – «Трабзонспор» жанкүйерлерінің ең танымал ұрандарының бірі. Ол клубтың қала тұрғындары және Түркияның түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерімен тығыз байланысын білдіреді.

Салахтың Стамбулда «Трабзонспор» президенті Ертуғрул Доғанмен кездесіп, кейін сәрсенбі күні онымен бірге Трабзонға бармақ.

Клуб ықтимал келісімшарттың мерзімі мен қаржылық талаптарын қоса алғанда трансфер туралы қосымша ақпарат жариялаған жоқ.

Салах 2025–2026 жылғы маусым аяқталғаннан кейін Англияның Премьер-лига клубы «Ливерпульден» тоғыз жылдан соң кетті.

Мысырлық футболшы «Ливерпуль» сапында барлық турнирде 442 матч өткізіп, 257 гол соғып, 120 нәтижелі пас берді. Осы көрсеткішпен ол клуб тарихындағы ресми кездесулерде ең көп гол соққан ойыншы тізімінде Иан Раш пен Роджер Ханттан кейінгі үшінші орынға шықты.

«Энфилдтегі» мансабында Салах екі мәрте Англия Премьер-лигасының чемпионы атанып, УЕФА Чемпиондар лигасын, ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатын, УЕФА Суперкубогын, Англия кубогын және Англия лигасы кубогын екі рет жеңіп алып, жалпы сегіз ірі жүлдені еншіледі.

Салах Премьер-лиганың төрт дүркін үздік бомбардирі атанды. Сонымен қатар ол үш рет Кәсіби футболшылар қауымдастығының (PFA) «Жыл ойыншысы» және үш рет Футбол журналистері қауымдастығының (FWA) «Жыл футболшысы» сыйлығын иеленді.

Салах 2017 жылы «Ромадан» «Ливерпульге» ауысқанға дейін «Базель», «Челси» және «Фиорентина» клубтарында өнер көрсетті.

Іздеу
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады